“WORLDSKILLS ATYRAU-2022” ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ МОДУЛІ

✅Қарқын алған білім аламанында қатысушылар өздерінің білімдерін жан-жақты дәлелдеп жатыр. Кезекті сайыс “Қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу” A1 Модулі “Интерактивті жабдықтарды пайдалана отырып,оқу пәндерінің бірі бойынша төменгі сыныптарда сабақ фрагментін өткізу” A2 Модулі бойынша бақ сынауда.
✅Бұл кезеңнің ерекшелігі – қатысушылар дайындаған қысқа мерзімді жоспарларына сәйкес оқуышыларға сабақ береді. Әр қатысушыға 8 оқушылардан бекітілген. Білім аламанында бақ сынап жатқандар арнайы жүйе бойынша бағаланады.
✅Аталмыш білім бәйгесінде әр колледжден жиналған сайыпқырандардың бақ сынасып жатқаны белгілі. Әрқайсысына жүзден жүйрік,мыңнан озық болуына тілек білдіреміз. Сәттілік серік болсын!