Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің Экономика және құқықтану бөліміне қарасты «Құқықтану» кафедрасының жылдық жоспарына сәйкес желтоқсан айында кафедраның 10 күндік апталығы өткен болатын. Апталық аясында оқытушылар ашық сабақтар мен тәрбиелік шаралар өткізді. Сондай шаралардың қатарында 1 курс студенттерін мамандыққа бағдарлау мақсатында жыл сайынғы үрдіске айналған «Жылжымалы әділ сот» байқауы ұйымдастырылып, оған мамандықтың 3 курс, бітіруші топтардың жақсы үлгерімдегі студенттері жетекшілік еткен болатын. Атап айтар болсақ, «Құқықтану» 7.21.11 тобына Қожағалиева Айда, Жеткіншекқызы Аружан, Жәнібекқызы Айсана, «Құқықтану» 7.21.12 тобына Оңғарова Мадина, Қабышова Нұржауған, Дауылбаев Нұрсейіт және «Құқықтану» 7.21.13 тобына Саматқызы Салтанат пен Набидуллина Айнұр жетекшілік етті. Нәтижесінде «Үздік сот процесі» номинациясын иеленіп 1 орынды «Құқықтану» 7.21.13 тобы, 2 орынды «Құқықтану» 7.21.12 тобы және 3 орынды «Құқықтану» 7.21.11 тобы жеңіп алды.
Сондай – ақ, байқау кезінде сот процесі тараптарының рөлін ерекше сомдап, «Үздік судья» номинациясын Жетіс Әлихан иеленсе, «Үздік прокурор» номинациясын Мұратова Айгерім және «Үздік қорғаушы» номинациясын Саудабаев Айтжан иеленді.
Барлық сот процесі байқауының қатысушыларына бөлім атынан алғыс білдіреміз!