Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі

«Шетел тілі пәндері» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі 

Куатова Айнұр Зейінқызы

экономика магистрі, педагог-сарапшы

«Шетел тілі пәндері» кафедрасы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, жауапты, өз кәсібін терең меңгерген және үш тілді еркін қолдана алатын орта буын аудармашыларды даярлайды. Кафедра түлектері қазіргі цифрлық әлемнің талаптарына сай жұмыс істей отырып, заманауи аударма технологияларын тиімді қолдана алады. Оқу үдерісінде теория мен тәжірибе ұштастырылып, студенттердің кәсіби, коммуникативтік және мәдениетаралық құзыреттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Соның нәтижесінде түлектер еңбек нарығының сұранысына толықтай жауап беретін, жан-жақты дамыған маман ретінде қалыптасады.

Кафедраның мамандықтары мен біліктіліктері
Мамандық коды Мамандық атауы Біліктілік Оқу мерзімі
02310100 Аударма ісі (түрлері бойынша) 4S02310101 Аудармашы 9-сынып базасында – 2 жыл 10 ай;
11-сынып базасында – 1 жыл 10 ай