Ұлттық чемпионат "WorldSkills Kazakhstan-2025"
Білім мен біліктілік тоғысқан, жас мамандардың шеберлігін паш ететін «WorldSkills Atyrau — 2025» облыстық чемпионаты өз мәресіне жетті.
Өңірдің үздік шеберлері бас қосқан додада 10 құзіреттілік бойынша қатысқан Каспий өңірініңі көпсалалы жоғары колледжінің қоржынында 2 – алтын медаль; 4 – күміс медаль; 2-қола медаль; 2- «Үздік маман»медальоны.
Атап айтсақ:
- «Электромонтаждық жұмыстар» құзіреттілігі Аманқұл Нұрбол Рауанұлы – алтын медаль, жетекшісі Иманалиева Самал Тулеушовна
- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» құзіреттілігі Бадел Жұлдыз Мерекеқызы –алтын медаль, жетекшісі Налық Айжанат Маратқызы
- «Веб – дизайн және дамыту» құзіреттілігі Мерекеұлы Нұрбол – күміс медаль, жетекшісі Мурзашева Сымбат Еркиновна
- «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі Айнимасова Нұрай Ерлановна – күміс медаль, жетекшісі Жүсіпова Жансая Кендебайқызы
- «Өнеркәсіптік автоматика» құзіреттілігі Аубекеров Сағынтай Берикович — күміс медаль, жетекшісі Қуанышқалиқызы Мөлдір
- «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзіреттілігі Тұрарбек Даулет Нұрдаулетұлы — күміс медаль, жетекшісі Абдрахманова Айбарша Сагингалиевна
- «Графикалық дизайн» құзіреттілігі Сарсенов Муратбек Болатович – қола медаль, жетекшісі Абишев Нурдаулет Болатович
- «Бизнеске арналған IT шешімдері» құзіреттілігі Ахметова Анель Фикретовна — қола медаль, жетекшісі Таңатар Мухамедрахман Маратұлы
- “Инженерлік графика CAD” құзіреттілігі Михайл Ерасыл Досайұлы – «Үздік маман» медальоны, жетекшісі Тұқпатова Алтынай Ғалымқызы
- «Бейнеөндіріс» құзіреттілігі Смағұл Диас Нұрбекұлы — «Үздік маман» медальоны, жетекшісі Асылбекова Айсұлу Эльдарқызы
Бұл чемпионат білім алушылардың қабілеттерін шыңдаған, жаңа белестерге жол ашқан үлкен мүмкіндік болды.
Ұлттық чемпионат "WorldSkills Kazakhstan-2024"
Қазан айының 14-18 аралығында Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында дәстүрлі «WORLDSKILLS ATYRAU-2024» өңірлік чемпионаты өтті. Жұмысшы мамандықта оқитын студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, шеберлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткен чемпионатқа колледжіміздің намысын 9 құзыреттілік бойынша 9 білім алушы қорғады. Чемпионат нәтижесі бойынша барлық студенттеріміз жеңіс тұғырына шығып, жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Олар:
- «Веб – дизайн және дамыту» құзыреттілігі бойынша Сариев Есбол Бауыржанович — І орын алтын медаль (сарапшы Таңатар Мухамедрахман Маратұлы),
- «Электромонтаждық жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Аманқұл Нұрбол Рауанұлы — ІІ орын күміс медаль (сарапшы Иманалиева Самал Тулеушовна),
- «Компьютерлік ойындары 3Dмодельдеу» құзыреттілігі бойынша Васильева Юлия Юрьевна — ІІ орын күміс медаль (сарапшы Абдрахманова Айбарша Сагингалиевна),
- «Өнеркәсіптік автоматика» құзыреттілігі бойынша Қанатұлы Ринат — ІІ орын күміс медаль (сарапшы Қуанышқалиқызы Мөлдір),
- «Прототиптеу» құзыреттілігі бойынша Ахат Ибраһим Ерболұлы — ІІ орын күміс медаль (сарапшы Мурзашева Сымбат Еркиновна),
- «Кіші сыныптарды оқыту» құзыреттілігі бойынша Бағытжан Ақгүл Нысболатқызы — ІІ орын күміс медаль (сарапшы Жүсіпова Жансая Кендебайқызы),
- «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Абишев Нурдаулет Болатович — ІІІ орын күміс медаль (сарапшы Жұмашев Жансейт Карасаевич),
- «Инженерлік графика (САД)» құзыреттілігі бойынша Мерекеұлы Нұрбол — ІІІ орын күміс медаль (сарапшы Тұқпатова Алтынай Ғалымқызы),
- «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша Ермекқалиева Саида — ІІІ орын күміс медаль (сарапшы Срымова Гүлдана Сенбайқызы).
Жүлдегер студенттерді шын жүректен құттықтаймыз! Республикалық додада Атырау облысының намысын қорғайтын Сариев Есбол Бауыржановичке сәттілік тілейміз! Колледж абыройы мен беделін асқақтатар білім алушыларымыздың қатары көбейе берсін!
Ұлттық чемпионат "WorldSkills Kazakhstan-2023
Ұлттық чемпионат "WorldSkills Kazakhstan-2022"
«WorldSkills Kazakhstan — 2022» VII Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсы
WorldSkills Kazakhstan Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының миссиясы-кәсіптік бағдар беру, кадрлар даярлау, сарапшылық қоғамдастықтарды қалыптастыру және өнімділікті арттыру тетіктерін қоса алғанда, халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларын кадрлық қамтамасыз ету тетіктерін қалыптастырудағы еңбек.
Тұлға бойына кәсіптік білімді,білікті,дағдыны игерген және қойылған міндеттерді шығармашылықпен шеше білуге қабілетті әрі болашақ маман ретінде өзін-өзі қалыптастырады.
«WorldSkills Atyrau – 2022» облыстық чемпионатта колледжіміздің студенттері 1 орынды қанжығаларына байлап, алтын медальмен марапатталған білім алушыларымыз «WorldSkills Kazakhstan — 2022» VII Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсына мына мамандықтар бойынша қатысты:
«Бизнеске арналған IT шешімдер» құзыреттілігі бойынша- 4/19.33 тобының студенті Канцев Артем;
«Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойына- 20/20.31 тобының студенті Нуфтуллина Айя;
«Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша – 19/19.41 тобының студенті Айшуаққызы Ақбөбек.
«WorldSkills Kazakhstan — 2022» VII Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсы Астана қаласында Expo көрме орталығында өткізілді.
«WorldSkills Kazakhstan — 2022» VII Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсына еліміздің 500-ге жуық жас мамандары қатысты.
Колледжімізден қатысқан білім алушымыз Канцев Артем «Үздік жас маман» медальонмен марапатталды.
Колледжіміздің оқытушылары Республикалық деңгейде сарапшы болғандығын растайтын Сертификатпен марапатталды.
Облыстық білім беру басқармасы Республикалық деңгейде студенттерді дайындаған колледжіміздің оқытушылары мен өз білім,білік,іскерліктерін көрсеткен студенттерін Алғыс хатпен марапаттады.
Студенттерге толағай табыс пен шығармашылық тілейміз!
Ұлттық чемпионат "WorldSkills Kazakhstan-2021"
WorldSkills — жұмыс кәсібі мен шеберлік дағдысының беделін арттыруды көздейтін халықаралық қозғалыс.
Биылғы жылы «Worldskills Атырау-2021» чемпионатында Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі 9 құзіреттілік бойынша чемпионатқа 13 білім алушы қатынасып , облыс бойынша 3 орынға ие болды. Жоғары колледж қоржынында
4 алтын:
• «Бизнеске арналған ІТ шешімдер, 1С бағдарламасы» саласы бойынша Картмагамбет Бактияр
• «Веб-технологиялар» саласы бойынша Кайруллин Султан
• «Мектепке дейінгі оқыту» мамандығы бойынша Орынбаева Алина
• «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» бағыты бойынша қолданбалы бакалавр студенті Иванов Николай
5 күміс:
• Графикалық дизайн бойынша Бисеналиев Алмас;
• «Бизнеске арналған ІТ шешімдер» бойынша Канцев Артем
• «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» бағыты бойынша Кондрашов Ян
• «Бастауыш сыныптарда оқыту» мамандығы бойынша Утеуова Күнсұлу
• «Мектепке дейінгі оқыту» мамандығы бойынша Нұржанова Фатима
4 қола
• CAD инженерлік графикасы бойынша Бақтыгереев Ақжол
• «Бизнеске арналған ІТ шешімдер» бойынша Темирханова Гульнур
• «Бастауыш сыныптарда оқыту» мамандығы бойынша Құндақпаева Құндыз
• «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» бағыты бойынша Васильев Виталий
4 оқытушымыз бас сарапшы боп тағайындалды.
Веб-дизайн – Ишутина Ирина Рашидовна
Бастауыш сыныптарда оқыту – Султашева Гульшат Кадырғалиевна
Бизнеске арналған ІТ шешімдер – Бақтығали Мерей
Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу –Мурзашева Сымбат
2021 жылдың 2- 6 қараша күндері Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» Ұлттық чемпионаты өтті.
Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін барынша дамыту керектігіне мән беріп келеді.
«WorldSkills – жұмысшы кәсі¬бінің мәртебесін арттырып қана қоймай, кәсібилікті наси¬хаттауды мақсат ететін коммер¬циялық емес қозғалыс. Бұл жас¬тар арасында үлкен беделге ие». Соған орай осы жылы республикалық деңгейде алғаш рет Атырау облысының намысын Атырау қаласы Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің “Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша студентіміз Орынбаева Алина бақ сынады.
Бұл чемпионатты өткізу — міндетті түрде жалғастыру қажет әрі маңызды іс. Жастарды оқытып, олардың дағдыларын жетілдіру — бұл үлкен жұмыс. Біз жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырыстық, бірақ әлі де істелуі керек істер бар, шеберлікті шыңдау қажет. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген колледждердің шәкірттерінің осындай алаңда өз шеберліктерін қалай көрсетіп жүргеніне куә болдық.
“Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша чемпионатты өткізген Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне және барша ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!
Орынбаева Алина:
Мен Орынбаева Алина “Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша республикалық чемпионатқа алғаш рет қатыстым. Кәсіби маман болып қалыптасуыма, жаңашыл идеяны басшылыққа ала отырып мамандыққа сәйкес берілген тапсырманы өз дәрежемде орындап шықтым. WorldSkills чемпионаты бүгінде техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер арасында жыл сайын өткізілетін, жұмысшы мамандықтарының әуелетін арттыруға зор ықпал ететін бірден-бір сайыстардың бірі. Бұл жас¬тар арасында үлкен беделге ие. Мамандыққа сәйкес 4 модуль бойынша тапсырма берілді. Әр модуль сәйкесінше кәсібилікті шыңдауға,жан-жақты ойлауға,тың идеяны жүзеге асыруға мүмкіндікке ие. Бұл жоба жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен бағыт болды»

















