Жас маман — 2019

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде «Жас маман- 2019» бітіруші түлектерге арналған жәрмеңке өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – колледж түлектерін жұмысқа орналастыру. Жас түлектің тілегі – дұрыс жұмыс екендігі баршаңызға аян. Ия, расында жұмыс табу – оқу бітірген кез-келген дипломды маманның ендігі тілегі.
Болашақ білімді жастардың қолында – деп Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай дамыған қоғамда өмір сүргіміз келсе, жастарға қолдау жасаудың маңыздылығы жоғары. Әлеуметтік бағытталған экономикасы бар демократиялық қоғамды білімді жастарсыз елестету мүмкін емес.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
«Негізгі білім беру» «Аударма ісі» «Шетел тілінен бастауыш білім беру» «Бастауыш білім беру» мамандықтарының бітіруші түлектері өздерінің үш жақты түйіндемелерін ұсынып, жұмыс берушілермен пікірлесіп, жұмысқа орналасуға деген мүмкіндіктерін алды. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, жоғары колледжімізді бітіргелі отырған барлық жас маманға өмірден таңдаған кәсіптеріңіздің жемісін көріп, елге сіңіретін зор еңбектеріңіз арта берсін дегіміз келеді.