Колледжде Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті

Бүгін, 31 наурыз күні Атырау облыстық Білім беру басқармасының әдістемелік орталығы пен Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің бірлесуімен “Қазіргі заманғы инновациялық даму құралдары мен тетіктері” тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа инновацияларды, технологияларды зерттеу және енгізу. Ғылыми және практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісу  болып табылады.

Конференцияға Атырау, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Ақтөбе, Қазалы, Семей, Алматы өңірлерінен, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысынан әріптестеріміз қатынасты. 

Конференция 4 түрлі бағыт бойынша қамтылды:
1. Жаңартылған оқыту бағдарламасының өзектілігі,
2. Дуалдық және модульдік құзіреттілік,
3. Кредиттік технологияларды оқу үрдісінде пайдалану,
4. Қашықтан оқытудың тиімділігі;

Алғашқылардың бірі болып Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Елдос Хамзин алғы сөз алып, конференцияның маңыздылығына тоқталды.

Конференция 2 түрлі секцияда ұйымдастырылды.

1-cекцияда Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің  директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұхтар Зинур, 2-секцияда Атырау облыстық Білім беру басқармасының әдістемелік орталығының бөлім басшысы
Бегалиева Гулнар жұмыс жасады.

Іс-шара барысында түрлі баяндамалар оқылып, қатысушылар арасында өзара пікір алмасу болды.

1-секция
2-секция

Сертификаттарды жүктеу

Конференция материалдарын жүктеу

Ұжымның аяулы арулары!!!

Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» деген қанатты сөз тауып айтылғандай. Расымен де, ұрпақ бойына тілімізді, қасиет тұнған салтымыз бен ғұрпымызды ана сүті арқылы санаға сіңдіретін де – Сіздер! Әр үйдің, әр отбасының берекесін кіргізетін де – Сіздер!

Сіздер, тіпті, ұжымда да Ерекшесіздер! Өйткені, Білім беру саласының қиындау тұстарына сабырлық танытып, аянбай қызмет етіп жүрген озат тәжірибелі жансыздар. Сондай-ақ, Жоғары колледжіміздің алдыңғы лектен көрініп, білім алушыларымыздың әрі тұлға, әрі кәсіби маман болып қалыптасу үрдісінде Сіздердің ұстаздық қабілет пен ұжымдық игі істеріңіздің рөлі зор деп білемін.

Осындай, керемет мереке қарсаңында Жер-Ананың тұла бойынан нәр алып, сәніне сән қосқан Сіздерге көктемнің көңіліндей шуақты күндер тілеймін!

Сіздер жаққан сәулелі шырақ сөнбесін! Мерекелеріңізбен, аяулы ардақтылар!

Ізгі ниетпен, жоғары колледж директоры М.Х.Мұхтаров