Құрметті әріптестер және студенттер!

Қастерлі Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Халқымыздың толайым тарихында әр ғасырдың бедер белесінде туған ел мен жерді көздің қарашығындай қорғауда ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, ұрпақтың азат өмірі үшін жанын пида еткен ата-бабаларымызға  алғысымыз шексіз, оларға басымызды иеміз.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Жеңіс мерекесі – жеңімпаз аға буын мен олардың ерлігін сабақтаған бүгінгі жас ұрпақтың қасиетті мейрамы. Аға ұрпақ айбынды білегімен, қасық қанымен қорғап қалған бейбітшілік бізді жігерлендіріп, биік мақсаттарға жетелейді. Сондықтан да Ұлы Жеңістің қадірі бәріміз үшін аса қымбат, ұрпақ үшін тағылымы зор.

Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі – осынау мерекенің жемісі.

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және  9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – келешек ұрпақ батыр ағаларымыз бен апаларымыз танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, оларға деген сыйластықты дәріптейді.

Ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік стилі мен әдістерін қалыптастырған, достық пен бірлікті үнемі іскерлікпен шебер ұштастыра білген ұжым қызметкерлері мен барша студенттерді айтулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және шығармашылық табыстар тілеймін!

Колледж директоры Мухтаров Мустахим Харенұлы

Батыржан Тілектесұлы «Жыл үздігі-2019» номинациясымен марапатталды

13 желтоқсан күні облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың қолынан, «Nur Otan» партиясы атынан өңірімізде белсенді қызмет атқарып жүрген бірнеше азамат «Жыл үздігі-2019» номинациясымен марапатталды. Жоғары колледжіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, «Jas Otan» ЖҚ Атырау қалалық бөлімшесінің төрағасы Қисамеденов Батыржан Тілектесұлы өңіріміздегі «Jas Otan» ЖҚ-ның жұмысын жандандыру, жастар саясатын дамыту жолындағы қызметі үшін үздік деп танылып, «Жыл үздігі-2019» номинациясымен марапатталды. Жастар жылындағы жеткен жетістігімен Батыржан Тілектесұлын шын жүректен құттықтаймыз!
@jas_otan
@jasotan_atyrau
#jasotan
#caspiancollege
#bizge15jyl
#jastarjyly