WorldSkills Kazakhstan-2021

10 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында «WorldSkills Kazakhstan-2021» ұлттық чемпионатының қорытындылау кеші өтті. Осы аталған чемпионатта жоғары колледжіміздің студенттері 2 қола және 1 медальон жеңіп алды. Атап айтсақ, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті Картмаганбетов Бахтияр «Бизнеске арналған IT шешімдер»құзыреттілігі бойынша , Васильев Виталий «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша қола жүлдені қанжығасына байласа, Орынбаева Алина «Бастауыш сыныптарда оқыту құзыреттілігі бойынша медальон иеленді. Студенттерді шын жүректен құттықтай отырып, жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.

Колледжішілік жалпы пәндер бойынша олимпиада

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде 13-15 желтоқсан аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Бүгінгі білімді студент – ертеңгі білікті маман» атты жалпы білім беретін пәндер бойынша колледжілік олимпиада өтуде. Олимпиадаға І курс бойынша 369 студент қатысуда.

«Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері және жоспарлау» тақырыбында семинар өткізілді

Педагогикалық мамандықтар бойынша бітіруші студенттерге арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері және жоспарлау» тақырыбындағы мобильді консультативті-әдістемелік оқыту семинары өтті.
Әдістемелік орталықтың педагог мамандар даярлайтын колледждердің бітіруші студенттеріне арналған жаңа жобасы алғашқы жұмысын біздің Жоғары колледжімізден бастады. Әдістемелік орталық әдіскері Жалмуханова Балауса ханым “Бастауыш білім беру”, “Негізгі орта білім” мамандықтары бойынша білім алып жатырған түлектерге білім беру жүйесіндегі трендтер, жаңартылған білім беру мазмұны жөнінде тың ақпараттармен бөлісті.
Студенттеріміздің жаңаша ойлауына себепкер бола білгені үшін, кәсіби маман болып қалыптасуға бағдар бере білгені үшін Әдістемелік орталық әдіскері Жалмуханова Балауса ханымға риясыз алғысымызды білдіреміз!
2 күнге созылған оқыту семинары студенттеріміздің болашақ еңбек жолдарына өз көмегін тигізіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауға үлкен мүмкіндік болды деп есептейміз.

«Бір ел — бір кітап. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына — 30 кітап»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің кітапханасында «Бір ел- бір кітап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Байешова Ғалия Сәлімжанқызы ZOOM платформасы арқылы қосылды. «Сенім» элитарлы мектеп- балабақша кешенінің кітапханашысы Қали Римма Амирқызы Ы.Алтынсариннің «Өнер- білім бар жұрттар…» кітабын таныстырды. Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының мамандары «30 жылдыққа -30 кітап» тізіміне енген кітаптарды таныстырып, қысқаша түсіндірме беріп өтті.
Қазақ тілі және әдебиет пән оқытушысы Жұмаш Данагүл Русланқызы — «Алғашқы айлар» (М.Иманжанов) туралы әңгімелеп берді. 
Сонымен қатар, негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиет оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 1/21.11 топ студенттері өздерінің оқыған кітаптарын талқылады. Атап айтсақ, Лимарова Венера — «Дарабоз» (Қабдеш Жұмаділов), Жумабаева Инкар — «Алғашқы мұсылман Хадиша ради Аллаһу анһа» (Абдулла Кулькибаев), Аралбай Бекзат — «Аq pen Qara » (Бағлан Әбдірайым), Серикова Жулдыз — «Хочу и буду» (Михаил Лабковский) кітаптарын таныстырып, көрермен студенттерге оқуға кеңес білдірді. Жоғары колледж кітапханашысы Ирина Анатольевна Броварник шараны қорытындылап, атсалысқан студенттерді сертификаттармен марапаттады және «Абайдың қара сөздері» жиынттығын сыйға тартты.