1.Оқуға қабылдау мерзімі қандай?
Оқу жылына құжаттар қабылдау 2024 жылдың 25 маусымы мен 25 тамыз аралығы.
2.Құжаттарды қабылдау комиссиясымен қалай байланысамыз?
Оқуға құжатты Атырау қаласы, Студенттер даңғылы 211 А мекен-жайында қабылдайды. Байланыс телефоны 8 701 660 00 33, 87122 27 65 30
3.Оқуға тапсыру үшін қажетті құжаттар қандай?
- Негізгі мектеп бітіргендігі туралы куәлік немесе аттестат (түпнұсқа)
- Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік (көшірме), ЖСН
- № 075 үлгісіндегі медициналық анықтама және 063 үлгідегі
медициналық анықтама (түпнұсқа) - 6 фотосурет (3х4 түрлі түсті)
Ескерту: Ата-ананың электронды цифрлы қолтаңбасы (ЭЦҚ) мен жеке куәлігі
(түпнұсқа) онлайн құжаттарды ресімдеу үшін қажет болады
4.Оқуға қабылдау емтихандары болады ма?
Оқуға түсушілер аттестат бағасымен қабылданады. Қабылдау емтихандары педагогикалық мамандықтар үшін әңгімелесу және дене тәрбиесі және спорт мамандығы үшін шығармашылық емтихан тапсырады.
- Шығармашылық емтихандарға өтініштерді қабылдау және емтихандарды өткізу мерзімдері қашан жүзеге асырылады?
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 25 маусымнан 20 шілдеге дейін. Емтихандар 22-27 шілде аралығында өтеді.