You are currently viewing Цифрлық Skaffold: тиімді сабақтың жаңа форматы

Цифрлық Skaffold: тиімді сабақтың жаңа форматы

📚 «Цифрлық Skaffold: сабақты тиімді жоспарлау» тәжірибе алмасу алаңы

2025 жылдың 11 желтоқсан күні Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Жаратылыстану» пәндер бірлестігі апталығы аясында «Цифрлық Skaffold: сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдану арқылы сабақ құрылымын жетілдіру, педагогтердің әдістемелік әлеуетін арттыру және тәжірибе алмасу мәдениетін қалыптастыру.

Аталған алаңға Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің арнайы пән оқытушылары Жаннұр Нұрғабылқызы мен Жансая Кендебайқызы қатысып, қазіргі білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген Skaffold ұғымының мәні мен мазмұнын, оның сабақ жоспарын құрудағы практикалық тиімділігін жан-жақты түсіндірді.

🖥️📊 Тәжірибе алмасу барысында:

  • цифрлық құралдарды сабақ құрылымына кіріктіру жолдары;

  • оқыту кезеңдерін жүйелі жоспарлау;

  • білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету әдістері
    кеңінен талқыланып, нақты мысалдар арқылы көрсетілді.

🤝📌 Шараға қатысқан педагогтер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, әдістемелік тәжірибелерін ортаға салды. Аталған тәжірибе алмасу алаңы педагогтардың кәсіби дамуына, шығармашылық ізденісіне және өзара ынтымақтастығын нығайтуға зор мүмкіндік берді.