You are currently viewing «Ustaz Cup» – ұстаздар зияткерлік сайысы

«Ustaz Cup» – ұстаздар зияткерлік сайысы

⚜️ «Ustaz Cup» зияткерлік-интеллектуалды сайысы

2025 жылдың 10 желтоқсан күні С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен оқу орнының 95 жылдық мерейтойына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында «Ustaz Cup» тақырыбында облыстық зияткерлік-интеллектуалды сайыс өтті.

Аталған шара педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, зияткерлік деңгейін дамытуға және тәжірибе алмасу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін бірнеше кезең бойынша сынға салды.

📝 Quiz зияткерлік ойынының мақсаты мен міндеттері:

  • колледж оқытушыларының зияткерлік қабілеттерін дамыту;

  • педагогтердің кәсіби шығармашылығын арттыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру;

  • командалық бірлік пен серіктестік қарым-қатынасты нығайту;

  • білім мен ой-өрісті кеңейту арқылы заманауи педагогтің тұлғалық дамуына ықпал ету.

🏅 Сайыс қорытындысы бойынша 5 кезеңнен тұратын тартысты бәсекеден сүрінбей өткен үздік командалар анықталды. Жақсы нәтиже көрсеткен командалардың қатарында Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің «PMVK GENERATION» командасы болып, олар Алғыс хатпен марапатталды.