You are currently viewing Ағылшын тілі — мүмкіндіктер әлеміне бастар жол: әдістемелік онкүндіктің жарқын қорытындысы

Ағылшын тілі — мүмкіндіктер әлеміне бастар жол: әдістемелік онкүндіктің жарқын қорытындысы

Бүгін колледжімізде «Шетел тілі пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «ENGLISH: OPENING DOORS TO NEW HORIZONS» атты әдістемелік онкүндік өз мәресіне жетті. Аталған онкүндік студенттердің тілдік құзыреттілігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және шетел тілін меңгеруге деген қызығушылығын күшейтуге бағытталды.

Онкүндік жоспарына сәйкес түрлі форматтағы ашық сабақтар, интерактивті сабақтар мен танымдық бағыттағы сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Әрбір шарада студенттер алған білімдерін практикада қолдана отырып, өз ойларын еркін жеткізу, командада жұмыс істеу және шығармашылық бастамаларын көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Қорытынды жиында онкүндік аясында белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткен колледж студенттеріне арнайы дипломдар мен сертификаттар табысталды. Бұл марапаттар білім алушылардың еңбегін бағалап қана қоймай, олардың алдағы жетістіктеріне мотивация берді.

Шара соңында кафедра студенттері дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады. Әдістемелік онкүндік білім мен шығармашылықты ұштастырған мазмұнды әрі есте қаларлық шара ретінде қорытындыланды.