You are currently viewing Кәсіби бағдар беру-2026

Кәсіби бағдар беру-2026

Атырау қаласындағы N13 Д.Байбосынов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары мен ата-аналарына кәсіптік бағдар беру бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Кәсіби бағдар жұмысы колледжіміздің профильдерінің үш бағытын (педагогикалық, экономика-гуманитарлық және техника-технологиялық) толық қамтыды. Сонымен қатар оқушыларға әр бағыттың мазмұны, оқу мерзімі, мамандықтардың еңбек нарығындағы сұранысы туралы жан-жақты түсінік берілді. Кездесу барысында спикерлер түлектер үшін грант мүмкіндіктерін, дуальды оқыту артықшылықтарын және болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығын атап өтті. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледжге қабылдау талаптары мен оқу процесінің ерекшеліктері бойынша толық ақпарат алды. Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарлау үдерісіне қызығушылығын арттырып, саналы шешім қабылдауға ықпал етті.