💻 IT саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік байқауы
Павлодарда 11–12–13 қараша күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Павлодар облысының білім беру басқармасының ұйымдастыруымен IT саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
🪩 Бұл додаға еліміздің 16 аймағынан келген 66 үздік педагог қатысып, үш құзыреттілік бойынша өз кәсібилігін көрсетті:
- 1️⃣ Алгоритмдік және жобалық бағдарламалау
- 2️⃣ Киберқауіпсіздік
- 3️⃣ Web-әзірлеу
✅ Байқаудың басты мақсаты — IT бағыты бойынша білім беру сапасын арттыру, педагогтердің инновациялық әлеуетін дамыту және елдің цифрлық трансформациясына серпін беру.
🛜 Колледжіміздің мақтанышы
“Web-әзірлеу” құзыреттілігі бойынша магистр Тұқпатова Алтынай Ғалымқызы қатысып, кәсіби шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісуге арналған ерекше алаңда өз қабілетін көрсетті.
Сарапшылардың жоғары балдық көрсеткішімен бағаланып, республикалық доданың алғыс хатына ие болды!
✅ Колледжіміздің ІТ құзыреттілігін дамытудағы тағы бір жеңістің айғағын Республикаға таныта білген әріптесімізге ризашылығымызды білдіреміз!
