«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
✨ Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы және «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының» «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде және Атырау жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде «Қазақ қызы – ел ертеңі» атты қыздар кездесуі жалғасуда.
⛓️💥 Кездесудің басты ерекшелігі – қыз балаларға өмірлік маңызды ақпарат беру арқылы олардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауына, денсаулығын қорғауына және саналы шешім қабылдауына ықпал ету.
Осындай шаралар жас буынның рухани дамуына, өзін-өзі тануына және қоғамдағы орнын дұрыс айқындауына жол ашады. Қатысушылар тәжірибелі мамандардың кеңестерін тыңдап, жеке даму, қауіпсіздік және құқықтық сауаттылық жөнінде маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, қыздардың өзара пікір алмасуына, ойымен бөлісуіне және жаңа таныстықтар орнатуына мүмкіндік туды. Кездесу барысында әр қыздың тұлғалық әлеуетін ашу, өмірлік мақсаттарын айқындау және өзіне деген сенімді қалыптастыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Мұндай кездесулер олардың бойында ұлттық құндылықтарды құрметтеу, инабаттылық пен сыпайылықты сақтау секілді асыл қасиеттердің дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ, қыздардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, қоғам өміріне белсендірек араласуына серпін береді. Жоба аясында ұйымдастырылатын келесі кездесулерде қыз баланың жан-жақты дамуына бағытталған түрлі тренингтер мен семинарлар өткізу жоспарлануда. Бұл бастама жас ұрпақтың болашағына деген сенімді нығайтып, олардың өмірге деген көзқарасын кеңейте түседі.
