Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтің 90 жылдығы қарсаңында облыстық «Жұмекен оқулары» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
✓Ұлттық руханиятымыздың абыз тұлғасы, ақын Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтің шығармашылығын насихаттау;
✓Жас ұрпақтың поэзияға, әдебиетке, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Аталған байқаудың «Жұмекен жыры — рухтың үні» жыр эстафетасы бойынша Зулпыхар Әсел Самигуллақызы — І орын (Жетекшісі Орынбасаров Р.А.), «Жырдан туған бейне» Жұмекен шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу бағыты бойынша Серік Мерует Естөреқызы — Сертификат (Жетекшісі Жұмаш Д.Р.), «Жұмекен жырынан сыр іздеген ұрпақ» эссе бағыты бойынша — Бекболатова Ақырыс Орынбайқызы — Сертификат (Жетекшісі Жумагалиева А.С.) ие болды.
Студенттерімізді құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
