“СЕНІМ” элитарлық мектебі мен “Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі” арасындағы ынтымақтастық консорциумы негізінде жобалық келісімдер жасалды!
Қазіргі заманда білім беру жүйесінің басты міндеті – жаһандану дәуіріне сай ақпараттық технологияларды меңгерген, шет тілін еркін қолдана алатын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Осы мақсатта колледж бен мектеп арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнату туралы меморандум жасалып, ІТ құзыреттілікті дамыту және ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бағытында нақты келісімдер қабылданды.
Ынтымақтастықтың мақсаты:
- Мектеп оқушыларының ІТ және шет тілі салаларында құзыреттілігін арттыру;
- Колледждің материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін пайдалана отырып, мектеп оқушыларын заманауи мамандықтарға баулу;
- Білім беру ұйымдары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.
Ынтымақтастық бағыттары мен келісімдер:
1. ІТ құзыреттілік ортасы аясында:- “Сенім” элитарлық мектебі базасында «ІТ құзыреттілік орталығы» ашылып, мектеп оқушылары үшін бағдарламалау, робототехника, веб-дизайн және цифрлық сауаттылық бойынша үйірмелер ұйымдастырылады;
- Колледж ІТ мамандары мектеп мұғалімдеріне арналған семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізеді;
- Бірлескен хакатондар, жобалық байқаулар, STEM сабақтары ұйымдастырылады.
- Колледждің ағылшын тілі оқытушылары мектеп оқушыларына арналған тілдік курстар мен сөйлесу клубтарын жүргізеді;
- Бірлескен «English Club», дебат клубы, TED-style презентациялар өткізіледі;
- Халықаралық емтихандарға (IELTS, TOEFL) дайындық бойынша әдістемелік қолдау көрсетіледі.
- «IT және English Integration» атты оқу жобаларын жүзеге асыру;
- Колледж студенттері мен мектеп оқушыларының қатысуымен тәжірибе алмасу алаңдарын құру;
- Екі тараптың оқу-әдістемелік материалдарын ортақ пайдалану.
Күтілетін нәтиже:
- Мектеп оқушыларының ІТ және ағылшын тілі салаларындағы білім деңгейінің жоғарылауы;
- Кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігінің артуы;
- Колледж бен мектеп арасындағы серіктестік қатынастың нығаюы және білім сапасының жаңа деңгейге көтерілуі.
