You are currently viewing РЕСПУЛИКА КҮНІ — ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

РЕСПУЛИКА КҮНІ — ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ұстаздар, студенттер және барша ұжым мүшелері!

Сіздерді 25 қазан — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл — ел Тәуелсіздігінің бастауы саналатын, тарихи әділеттің қалпына келген ерекше күн.

Республика күні — егемен елдің еңсесін көтерген, елдік пен бірлікті айқындайтын мереке. Бұл күн бізге Отанға деген сүйіспеншілікті, азаматтық жауапкершілікті және патриоттық рухты есімізге салады.

Бүгінде біздің колледжіміз де ел болашағына өз үлесін қосып отырған өңірдегі беделді білім ошағы. Тәуелсіз еліміздің дамуына еңбекқор, білімді, тәрбиелі жастар тәрбиелеу — барша ұстаздар мен оқытушылардың, қызметкерлердің және студенттердің ортақ мақсаты.

Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Туған еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін!

Құрметпен, колледж директоры
Мухтаров М.Х.