You are currently viewing Жас маман, алға бас қадам!

Жас маман, алға бас қадам!

Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде ерекше толқынысқа, қуанышқа, шаттыққа толы диплом табыстау салтанатты кеші өтті! 

Бұл кеш – білімнің жеңісі, арманның орындалуы, еңбектің ақталған сәті! Кеше ғана балауса арманмен табалдырық аттаған студенттер бүгін – өз ісінің маманы атанып, үлкен өмірге қанат қақты.

Салтанатты шараға құрметті қонақтар қатысты:
🔹 Атырау қаласы әкімінің орынбасары – Нұржан Мақсотұлы
🔹 Атырау облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы – Таишев Бердібек Еркінбекұлы
🔹 Атырау облысы білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының директоры – Досжан Болатбекұлы
🔹 Атырау облысы Білім беру басқармасы оқу бөлімінің басшысы – Жұмағазиева Айнагүл Ғибатоллақызы
🔹 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Атырау облысы бойынша филиалы директоры, профессор – Ғалымжанова Маржан Әнесқызы

🔹 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректорлары – Чукуров Асхат Ералыұлы, Қойшығұлова Ләйла Ерболатқызы, Өтепқалиева Қансұлу Мұсақызы
🔹 Ардагер ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор – Жүсіп Қадыр Өтегенұлы
🔹 Парасат орденінің иегері, педагогика ғылымдарының докторы – Иманғалиев Асхат Сәлімұлы
🔹 Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор – Таубаев Бақтыбек Жұбандықұлы
🔹 «Ақжелкен» шығармашылық орталығының басшысы – Даулетов Нұрберген Әбдрешұлы
🔹 «Ботақан» балабақшасының директоры – Смаль Татьяна Николаевна
🔹 ЖШС «Заманквантор» директоры – Нигматуллин Адиль Гиндулович
🔹 ЖШС «Stalker Electric» өкілі – Арзаев Шыңғыс
🔹 АО ТЭЦ-тің шебері – Котков Александр Михайлович
🔹 Сенім элитарлық мектеп-балабақша кешенінің директоры – Гүлмира Сағынғалиқызы

Бұл кеште үздік диплом иегерлері, білім үздіктері, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар, студенттік парламент мүшелері, қоғамдық жұмыс пен волонтерлікке белсенді атсалысқан жастарға Атырау қаласы әкімдігінің атынан және АМАНАТ партиясының “Жастар рухы” атынан алғыс хаттар табысталды. Бірқатар серіктес мекемелер түлектерге тікелей жұмыс орындарын ұсынып, болашаққа сенімді қадам жасауға қолдау білдірді. Колледж түлектерінің вальсі, ән-шашулар, естеліктер – барлығы керемет әсер сыйлады.

Құрметті түлектер! Бүгінгі кеш – сіздердің жаңа өмірге жасаған үлкен қадамдарыңыз! Жас маман, алға бас қадам! Жолдарыңыз ашық, табыстарыңыз таудай болсын!