You are currently viewing Конституция күнімен

Конституция күнімен

Құрметті ата-аналар, әріптестер, студенттер!
Баршаңызды маңызды мерекелердің бірі — Қазақстан Республикасы конституциясы күнімен құттықтаймын!
Конституция – тұрақтылық пен гүлденудің негізі, елдің бостандығы мен құқығының кепілі. Ата заң Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының, сондай-ақ түрлі салаладағы жетістіктеріміздің негізі болып табылады.
Ата Заңымызда көрсетілгендей әрбір адамның құқықтарының ішіндегі ең жарқын, адамға қуат сыйлайтын бабы — білім алу құқығы. Осы жолда біз де мемлекетіміздің білім саясаты аясында арнайы кәсіби білім беру саласында жастарға білім беріп, елімізге экономика, құқықтану, педагогика, филология, техникалық бағытта басқа да түрлі сала бойынша мамандар даярлап, өз үлесімізді қосып келеміз.
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің
директоры, п.ғ.к., профессор М.Х.Мұхтаров