8 ақпан күні колледжіміздің кәсіптік-техникалық даярлау жүйесін жетілдіру бағытында, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, білім алушылардың академиялық, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік және медиа-мәдени дамуын жетілдіруде инновациялық оқыту технологияларымен озық тәжірибелер алмасудың ынтымақтастығының өзара тиімді байланыстарын орнату мақсатында Республикалық деңгейдегі «APEC PetroTechnic жоғары колледжі» ЖШС-мен академиялық ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ-ға қол қойылды. Осы Меморандум шеңберінде білім берудің барлық бағыттары бойынша алдағы уақытта көптеген бірлескен жұмыстар атқарылатын болады.
/ғылыми-әдістемелік және халықаралық байланыстар бөлімі/