26 желтоқсан күні Ақтөбе жоғары политехникалық колледж базасында «Электроэнергетика саласындағы заманауи технологиялар, ғылыми ізденістер, тәжірибелер» студенттік республикалық ғылыми практикалық онлайн конференциясы өтті. Конференция мақсаты: Энергетика саласындағы заманауи технологиялардың мүмкіншіліктерін зерделеу, студенттердің зияткерлік шығармашылығын дамыту, оларды қазіргі қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, зерттеуші қызметіне тарту . Колледжімізден алдын ала сараптамалық іріктеуден өткен студенттеріміз, конференцияда онлайн баяндама жасап, зерттеу жұмыстарын сәтті қорғап, жүлделі орындарға ие болды.
🏆🥇 Сәндібай Нарынбай-1орын, жетекшісі Жаналиева Майра Алтынбекқызы;
🏆🥈 Халимуллаев Әли- ІІорын, жетекшісі Даутова Айгул Саурбаевна;
🏆🥉 Өмірзақ Бейбарыс- ІІІорын, жетекшісі Кубашева Райгул Кибатуллаевна.
Қорғалған жобалар мен ұсынылған материалдар конференция материалдарының жинағында жарияланды.
/ғылыми-әдістемелік бөлім/
![WhatsApp Image 2024-01-04 at 16.25.31](https://psvk.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/WhatsApp-Image-2024-01-04-at-16.25.31.jpeg)
![WhatsApp Image 2024-01-04 at 16.25.32 (2)](https://psvk.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/WhatsApp-Image-2024-01-04-at-16.25.32-2.jpeg)
![WhatsApp Image 2024-01-04 at 16.25.32 (1)](https://psvk.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/WhatsApp-Image-2024-01-04-at-16.25.32-1.jpeg)
![WhatsApp Image 2024-01-04 at 16.25.32](https://psvk.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/WhatsApp-Image-2024-01-04-at-16.25.32.jpeg)
![WhatsApp Image 2024-01-04 at 16.25.31 (1)](https://psvk.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/WhatsApp-Image-2024-01-04-at-16.25.31-1.jpeg)