✅Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай ТжКББ ұйымдары студенттерінің арасында «Мен жастарға сенемін» атты облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Колледж студенттері арасында Мағжан Жұмабаев шығармаларын кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дамыту.
✅Байқау барысы Мағжан Жұмабаевтың өмір деректері мен шығармашылығынан
📌Викториналық сұрақтар
📌Мәнерлеп оқу
📌Сахналық қойылымдардан тұрды.
Үш кезеңнен тұратын байқауда студентіміз Аралбай Бекзат өзінің шығармашылығымен, тапқырлығымен және білімділігімен Атырау облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығы атынан🥈Екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқауға дайындаған жетекшісі Жумагалиева Айгуль Сарсенбаевна.
/ғылыми -әдістемелік бөлім/
![WhatsApp Image 2024-01-03 at 17.16.54](https://psvk.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/WhatsApp-Image-2024-01-03-at-17.16.54-768x1024.jpeg)
![WhatsApp Image 2024-01-03 at 17.16.55](https://psvk.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/WhatsApp-Image-2024-01-03-at-17.16.55-768x576.jpeg)