ОқұғаҚұштарколледж #ЧитающийКолледж #ҚӨҚЗЖК
6 сәуір күні Облыстық балалар кітапханасының оқу залында 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз кітаппен өсеміз» атты кітап апталығының төртінші күні Х. Досмұхамедұлының туғанына 140 жыл толуына орай, «Алаштың асыл арысы» атты тарихи кеш өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Х. Досмұхамедұлының өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, арысымыздың өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Тарихи кешке Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау Университетінің профессоры, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, ҚР үздік өлкетанушысы, Халел Досмұхамедұлы сыйлығының иегері, Х.Досмұхамедұлы атындағы алтын медальдің иегері — Аманкелді Шамғонұлы; ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі, Қызылқоға ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы, публицист жазушы, қарымды қаламгер Төлеген Жаңабайұлы және Каспий өңірінің қазіргі замандағы жоғары колледжінің «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» мамандығының 1/20.31, 1/21.21 топтарының студенттері қатысты.
Алдымен бөлім кітапханашысы А. Краубаева ғалымның өмір жолы мен ел үшін атқарған игі істеріне тоқталды. Кеш барысында, Аманкелді Шамғонұлы мен Төлеген Жаңабайұлы оқырмандарға Х. Досмұхамедұлы туралы зерттеулері мен арнаған кітаптары туралы айтып, жаңа тың деректерді ортаға салды. Жас ұрпаққа өз тілектерін айтып, болашақта тарихты ұмытпауын сұрап, ғалым мұрасының бүгінгі тәуелсіз елміз үшін зор маңызын атап өтті. Төлеген Жаңабайұлы өз сөзін Халелге арнаған «Оралды Халел ортаңа» өлеңімен тәмәмдады.
Оқырмандар өз кезегінде «Халел деген кім?» деген сауалға Синквейн әдісімен өздері жауаптарын тақтаға жазды. Тыңдап білгендеріне байланысты «Кім жылдам?» сұрақ-жауап ойынына да оқырмандар белсене қатысты. «Негізгі білім беру» 1/20.31 тобының студенттері Е.Алхамова мен Ж.Жұмашеваға құлаққап (наушник) сыйға тартылса, «Негізгі білім беру» 1/21.21 тобының студенті Мажитова Жұмагүлге М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы сыйға берілді. Оқырмандар арасынан да өз лебіздерін білдіріп, сөз сөйлеген студенттеріміз де болды.
Кеш соңында қонақтарымызға және оқырмандарымызға Алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.