Каспий маңы қазіргі заманғы жоғары колледжінің студенттері: Петр Курасов (16/20.32), Волков Антон (17/19.42), Нұрмұхан Кенжеханов (4/21.33) 2022-2023 оқу жылына арналған NCOC компаниясының қаражаты есебінен білім беру грантының иегерлері атанды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу 2022 жылғы 15 шілдеден 31 тамызға дейінгі кезеңде жүзеге асырылды. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің түлектері, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Биылғы жылы мердігерлер бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге конкурстық іріктеуден Қазақстанның түкпір-түкпірінен 549 студент өтті.
ПСВК басшылығы мен оқытушылар құрамы студенттерімізді білім беру грантымен құттықтайды!