«Тіл – адамның адамдық қасиетінің ең құдіретті, айрықша белгісі, қару түрі!» – деп қазақтың қоғам және саяси қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тіл – адамның адамдық қасиетінің ең құдіретті белгісі. 5 қыркүйекте Қазақстанда Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні атап өтіледі. Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің мәні ерекше. Соның бірі – 130 ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан республикамыздың тұтастығын сақтау, қазақ тілінің дамып, кең өріс алуы, өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілге, мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарауы. Осы атаулы датаның көрнекті ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі – ұлы тұлғаға деген құрметтің шыңы. А.Байтұрсынов бүкіл саналы ғұмырын туған халқының тағдыры мен тілі үшін күреске арнады, қазақ әліпбиін, графикасын, құрылымы мен емлесін жазып, ұрпақтарына қалдырды.
5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күні
- Post author:admin
- Post published:06.09.2022
- Post category:Жаналықтар