Құжаттар ресімдеу нұсқаулығы
Онлайн қызметті пайдалану үшін талапкердің ата-анасының ЭЦҚ-сы (электрондық цифрлы қолтаңба) және NCALayer бағдарламасы болуы міндетті!
ЭЦҚ-ны қашықтан алу
NCALayer бағдарламасын орнату
(электрондық цифрлы қолтаңбаны алу кезіндегі туындаған сұрақтар жөнінде 1414 нөміріне соғып біле аласыздар)
Құжаттарды онлайн ресімдеу Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі порталымен жүзеге асырылады.
(ескерту құжатты 1 рет тапсырсаңыз жеткілікті)
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі арқылы құжаттарды ресімдеу
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі порталына кіріп, кіру батырмасын басып ЭЦҚ сертификатын таңдау арқылы авторизация жасау қажет.
Басты беттен БІЛІМ бөлімінінің ішінен КОЛЛЕДЖДЕР қалташасынан Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау сілтемесіне өтіп онлайн сұрау батырмасын басу қажет.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға қажетті құжаттар:
- Құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
- Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
- 3×4 см көлеміндегі фотосурет;
- №086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы және №088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
- Флюрографияның суреті
- Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар — шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
- шетелдік — шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
- азаматтығы жоқ тұлға — азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
- босқын — босқын куәлігі;
- пана іздеуші тұлға — пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
- оралман — оралман куәлігі.
Қосымша сұрақтар үшін
+7-701-660-00-33, +7-701-660-00-44 байланыс телефоны
немесе info@psvk.edu.kz почтасы
(хат жазу кезінде телефон нөміріңізді тіркеу міндетті)