ПРИКАСПИЙСКИЙ СОВРЕМЕННЫЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ

Экономика және құқықтану​

Бөлім меңгерушісінің аты-жөні:

Койшиева Айна Урынбасаровна

Жоғары санатты арнайы пән оқытушысы

Мамандықтар (біліктлігімен):

Мамандық атауларыБіліктілік
10516000 Қаржы0516053 Қаржы жұмысы бойынша Экономист
20515000 Менеджмент0515013 Менеджер  
30518000 Есеп және аудит0518033 Экономист-бухгалтер  
40201000 Құқықтану0201023 Заңгер-кеңесші

Бөлім тарихы

Экономика және құқықтану бөлімі 2013-2014 оқу жылынан бастап «әлеуметтік – гуманитарлық бөлім»ретінде құрылды. 2017-2018 оқу жылынан бастап бөлім «экономика және құқықтану»бөліміне өзгертілді.

Бөлімнің басты мақсаты: еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті, жоғары білімді маман дайындау

Бөлімнің міндеттері:

– Оқу үрдісіне жаңа ақпараттық инновациялық технологияларды енгізу;

– Шығармашылыққа және өздігінен білім алуға бағдарланған бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту бойынша жұмыс;

– Болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін дамыту.

Бөлім жұмысының басым бағыттары:

– Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу қабілетін дамыту, колледжішілік оқыту үшін лайықты жағдай жасау;

-Студенттердің ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамыту;;

– Студенттердің бейімделу қабілеттері мен дарындылығын дамыту бойынша жұмыс жүргізу;

– Білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытушылардың жұмысына Мониторинг жүргізу.

Бөлімге қатысты 4 мамандық. Бөлімде білікті және кәсіби мамандар жұмыс істейді. Экономика және құқықтану бөлімі жыл сайын өткізілетін республикалық және облыстық деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысады.

Әлеуметтік серіктестер

1. «Байтау Партнерс» ЖШС

2. «МАКАТТЕХСЕРВИС» ЖШС

3. «JUSAN BANK»АҚ»

4. «АТФ Банк»АҚ»

5. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы»

6. «ForteBank» АҚ

7. «Техно-Мобиль» ЖШС

8. «Каспий Ойл Секьюрити»ЖШС

9. «МЕКЕН» шаруа қожалығы

10″Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» ММ

11. «Сбербанк России»АҚ

12. «Еуразиялық Банк «АҚ»

13. Западно-Казахстанский государственный университет имени М. Утемисова»

14. Атырау облыстық Нотариаттық палатасы мемлекеттік мекемесі

15. «ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы» ММ жеке сот орындаушысының м. а. Батырхаиров»

16. «Жеке сот орындаушысы Б. Кәдіров » ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы»ММ

17. «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы»

18. «Трансжол-трейд» ЖШС

19. «Жеке сот орындаушысы Тусупов Е. О. «ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы»ММ

20. «Жеке сот орындаушысы Б. К. Тәжінғалиев «ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы»ММ

21. «Жеке сот орындаушысы Г. С. Танауова» ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы » ММ

Бөлім кафедралары

1. Экономика кафедрасы

2. Құқықтану кафедрасы

Үйірмелер жұмысы

1.2015-2016 оқу жылында «Бәрін білгім келеді»жас экономистер клубы өз жұмысын бастады.

Үйірме жұмысының мақсаты:

Түрлі тренингтер, конкурстар, тәрбиелік іс-шаралар өткізе отырып, студенттердің арнайы пәндер бойынша білімін арттыру,

Экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу,

Студенттердің өз бетінше ойлау, қорытынды жасау және пәнге қабілеттілігін дамыту,

Білімді жетілдіруге, топтарда бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.

Студенттер арасында дискуссиялық бағдарламаның кеңінен таратылуына ықпал ету; клубтың әрбір мүшесінің дебат теориясын жетік меңгеруге және осы бағытта үнемі ізденіс жасауға ықпал ету; жинақталған білім мен тәжірибені тереңдету, сондай-ақ әрі қарай пікір алмасуға ықпал ету; Қазақстан Республикасының жастар саясаты туралы Заңы аясындағы басқа да іс-шараларға қатысу.;

2.2015-2016 оқу жылында «Ақиқат»клубы Жас құқықтанушылар үшін өз жұмысын бастады.

Ақиқат » клубының мақсаты мен міндеттері :

– Студенттердің мамандыққа бағдарлануы;

– Студенттердің өзіндік пікірін және өзіндік «мені»қалыптастыру;

– Клуб жұмысы арқылы адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу;

– Мамандыққа деген қызығушылық пен жауапкершілікті тәрбиелеу;

– студенттердің құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру.;

– студенттердің саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру;

– Студенттердің танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын шығармашылық жұмысқа тарту арқылы арттыру;;

– Жетістіктерді бағалау, белсенділікті қалыптастыру, өзіндік жұмысқа дайындалу, дағдыларды дамыту. Үйірме жұмысы барысында түрлі тақырыптарға ашық тәрбие сағаттары, драмалық көріністерді көрсету қолданылады. Үйірменің құрамы, жұмыс жоспары әзірленді және бекітілді. Үйірмелер отырыстарының хаттамалары тіркелген. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жанындағы отырыстарда әрбір оқу жылы үшін атқарылған жұмыс туралы есеп.

Бөлімдер

"ЭКОНОМИКА " КАФЕДРАСЫ
"ҚҰҚЫҚТАНУ " КАФЕДРАСЫ