Жастар ісі жөніндегі комитет туралы ереже

1.Жалпы ережелер

1.1 Жастар ісі жөніндегі комитет жастар мемлекеттік саясатын саласын жүзеге асырушы университет құрлымдық бөлімшесі.

1.2 Жастар ісі жөніндегі комитет оған тапсырылған қызмет аясы және колледж жастар құрылымы жұмысының тиімділігі үшін колледж әкімшілік алдында жауапты.

1.3 Жастар ісі жөніндегі комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Білім беру туралы» заңды, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдары», жоғары тұрған ұйым мен мекеме, Ғылыми кеңес, колледж әкімшілігінің шешімін басшылыққа алады.

1.4 Жастар ісі жөніндегі комитет өз құзыретіне жататын қаулы мен әдіс намалық ұсыныстарды құрастырады.

1.5 Қызметінде Жастар ісі жөніндегі комитеті Тәрбие бөліміне бағынады.

 

2.Мақсаты

2.1 Жастар ісі жөніндегі комитет қызметі жастар саясаты және оны жан-жақты жүзеге асыру шараларын іріктеу және жүзеге асыруға бағытталған.

 

3.Міндеттері

3.1 Қызмет бабына сай топтарда және колледждің толықтай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жетілдіруге қатысу.

3.2 Студенттік топтарда шығармашылық, өзара көмек көрсету жағдайын қалыптастыру.

3.3 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға қатысу.

3.4 Олимпиада, ғылыми конференцияны ұйымдастыру және өткізуге қатысу.

3.5 Бағытына қарай байқау, конкурстарға қатысу.

3.6 Жастар саясатын жүзеге асыру, жастар мәселесін дер кезінде шешу мәселесінде колледж қоғамдық ұйым қызметін реттеу.

3.7 Жастар мәселесін нақты әрі дер кезінде шешуге қатысты сұрақтар бойынша жоғарыдағы өкілеттік, жастар ұйымдарымен қарым-қатынаста болу.

 

4.Негізгі қызметтері

Жастар ісі жөніндегі комитет (жоғарыда жүктелген міндеттеріне сай) мына қызметтерді іске асырады:

4.1 Облыстық жастар саясатын жан-жақты жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді;

4.2 Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында» сипатталған құқық, міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді;

4.3 Жоғарғы ұйым, әкімшілік шешімдерін орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

4.4 Жастармен жұмыс жасаудың озық тәжірибелерін зерттейді, толықтырады және таратады, қызмет стилі, формасы мен әдістерін жетілдіреді;

4.5 ЖОО студенттік өзін басқару бөлімшелерімен, сонымен бірге жастар ұйымы мен жоғарғы үйымдармен белгіленген тәртіпте байланыс ұйымдастырады;

4.6 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға қатысады;

4.7 Үздік оқу тобы конкурсы, ғылыми конференция, олимпиада, байқау ұйымдастырады.

 

5.Жоспарлау тәртібі және есеп беру

5.1 Жастар ісі жөніндегі комитет жұмысы колледж басшысы бекіткен жоспарға сай жүргізіледі.

5.2 Жастар ісі жөніндегі комитет Президиумы қаулы, өкім түрінде ресімделеді де, Комитет құрылымдық бөлімшелер, топ старосталары орындаулары үшін міндетті.

5.3 Колледж директорына есепті даярлау және уақытында тапсыру.

 

6.Құқықтары мен міндеттері

Жастар ісі жөніндегі комитет құқықтары:

6.1 Студенттік бөлім меңгерушісі және студенттер белсенділері өкілдерін отырыстарында тыңдау;

6.2 Колледж әкімшілігі, Ғылыми кеңес, қабылдау комиссиясында жастардың атынан мүдделері мен мәселелерін қорғау;

6.3 Басқа ЖОО жастар ісі жөніндегі комитеттерімен байланысты іске асыру;

6.4 Колледж әкімшілігінен жастарды материалдық және моральдық қолдау және тәртіптік сипаттағы шараны қолдану үшін ұсыныс жасау;

6.5 Колледж әкімшілігіне студент жастармен жұмысты жақсартуға қатысты ұсыныстарды айту;

6.6 оқу бөліміндегі бар қажетті (құзыретіне енетін) барлық деректі ағымдық жұмысыныда қолдану.

7.Құрылымы

7.1  Жастар ісі жөніндегі комитетін колледж әкімшілігі тағайындаған төраға басқарады.

Төраға:

7.1.1 Комитет алдындағы міндеттер және жеке қызметтік міндеттері үшін төраға жеке басты жауапты;

7.1.2 Төраға орынбасарлары арасындағы міндеттері бөледі және қызметтерін реттейді;

7.1.3 Төраға орынбасарларының жауапкершілік дәрежесін анықтайды;

7.1.4 Қызметтік міндеттерін орындаған кезде Төраға колледж әкімшілігі ұсынған құқықтарын қолданады.

7.2 Жастар ісі жөніндегі комитет Президиумы құрамына енетіндер:

— Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы (Президиум төрағасы)

— Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары,

— Академиялық топ старосталары,

— Студенттік Комитет бөлімшелерінің басшылары,

— Студенттік клуб, ұйым басшылары,

— Студенттік жатақхана төрағасы.

7.3 Студенттік бөлім басшыларының міндеттері

7.3.1. Студенттік бөлім жұмысына жауапты.

7.3.2. Өткізген жұмысына үнемі есеп беру.

7.3.3. ЖІжК төрағасына жұмыс жоспарын құруға көмектесу.

7.3.4. Студенттер демалысын ұйымдастыру, колледж қоғамдық жұмысына белсене араласу.

7.3.5. Студент жастарға қатысты негізгі қалыптық-реттеу құжаттары, колледж бұйрығы мен өкімін бөлім студенттеріне үнемі жеткізіп отыру.

7.4 Жатақхана студенттік кеңес тәрбие, мәдени-көпшілік, дене тәриесі, сауықтыру жұмыстарын әзірлеу әрі өткізу, студенттер бос уақыты мен салауатты өмір салтына қатысты шаралар ұйымдастыру, құзыреттері шеңберінде тұрмыстық жағдай мен тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсартуға байланысты колледж әкімшілігіне көмек көрсетуге жатақханада тұратын студенттері тарту, ұйымдастыру.

7.5 Жастар ісі жөніндегі комитет отырыстарында жастар саясатына қатысты мәселелерді талқылап,колледж  жастар құрылымы баяндамасы, есебін тыңдауы, қарастыруы тиіс.