Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі

Педагогика

Кафедра меңгерушісі

Нұрғабылова Жаннұр Нұрғабылқызы

Педагогика ғылымдарының магистрі

План кафедры

Социальные партнеры

Мероприятия

«Педагогикалық мамандықтар» кафедрасы – білім беру жүйесінің даму перспективаларына сай, кәсіби және зияткерлік әлеуеті жоғары педагог мамандарды даярлауға бағытталған кафедра.

Кафедраның негізгі мақсаты – заманауи білім беру технологияларын меңгерген, оқыту мен тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыра алатын, білім беру саласының отандық және халықаралық талаптарына сай білікті мамандар даярлау.

Кафедра түлектері педагогикалық үдерісті жобалау, басқару және талдау саласында теориялық, практикалық және ғылыми білім мен дағдыларға ие болады. Бағдарлама шығармашыл ойлайтын, инновациялық әдістерді қолдана алатын, білім алушылардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған кәсіби педагогтарды даярлауға негізделген.

Кафедраның педагогикалық мамандықтары мен біліктіліктері
Мамандық коды Мамандық атауы Біліктілік Оқу мерзімі
01140600 Негізгі білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай; 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай
01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі 4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай; 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай
01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі 5AB01140101 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай; Кәсіптік арнаулы білімнен кейін – 10 ай
01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай; 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай
01130100 Логопедия 5AB01130101 Логопед қолданбалы бакалавры 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай; Кәсіптік арнаулы білімнен кейін – 10 ай
01140600 Негізгі білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 4S01140605 Шетел тілі мұғалімі 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай; 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай