Терроризм және түнгі сот

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің «Құқықтану» мамандығының 2-3 курс студенттерімен «Терроризм және түнгі сот» тақырыптары бойынша әкімшілік сотының судьясы Самал Абугалиевамен онлайн режимде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда терроризм, түнгі сот бойынша тағайындалатын жазаның ерекшеліктері туралы нақты ақпараттар берілді.
Дөңгелек үстел соңында студенттердің жалпы құқықтану аясындағы сұрақтарына жауап берілді.