Жастар ісі жөніндегі комитет

Бисешова Ақтолқын Серікқызы

Қызметі: Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі

Телефон: +7 778 492 26 94

E-mail: biseshova1994@mail.ru

Жастар ісі жөніндегі комитет (ары қарай комитет) – колледждің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Комитет  өз қызметін перспективалық және жылдық жоспарларға сәйкес жүзеге асырады.

Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлық қақарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР Азаматтық кодексін және ЖОО-дағы білімді және ғылымды регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық, колледж Жарғысын, Ішкі еңбек тәртібі ережесін, сапа менеджменті талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ережелер мен нормалар, білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ колледждің және комитеттің ішкі ережелерін басшылыққа алады.

Комитетті – жетекші басқарады, ол директор бұйрығы бойынша өз қызметіне тағайындалады және өз қызметінен босатылады. Комитет жетекшісі болмаған жағдайда міндеттерді орындау белгіленген тәртіппен комитеттің қызметкеріне жүктеледі, ол өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына толық жауапты болады.

КОМИТЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Комиттеттің жалпы міндеттері:

Комитеттің қызметі жастар саясатын жүзеге асыруға және оның толыққанды іске асырылуына бағытталған.

Байқаулар мен жарыстар ұйымдастыру.

Жастар саясатын жүзеге асырумәселелері, жастар мәселелерін уақтылы шешу бойынша колледждің қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру.

Жастарды қоғамның әлеуметтік белсенді азаматтары ретінде тәрбиелеу және әлеуметтік маңызы бар жастар бастамаларын жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес жастардың бос уақытын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Колледждің жастар мәселелерінің тәжірибелі және өзекті шешілуіне қатысты мәселелер жөніндегі жастар ұйымдарымен, жоғарғы инстанциялармен өзара әрекетету, сондай-ақ басқа жастар ұйымдарымен қарым-қатынас орнату.

Комитеттің функционалдық міндеттері:

Комитет (берілген тапсырмаларға сәйкес) келесі функцияларды орындайды:

—     колледжде жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізеді;

—     Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында» көрсетілген құқықтар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

—     колледж директорының бекіткен жоспарына сәйкес жұмыс жүргізеді;

—     колледждің стратегиялық даму жоспарының талаптары мен жоғарғы органдардың, әкімшіліктердің шешімдерін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

—     комитеттің құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды және активтерді іріктеуді жүзеге асырады;

—    колледждің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес комитеттің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және жүзеге асырады;

—     комитеттің, оның бөлімшелерінің жұмысын жоспарлайды, жоспардың жүзеге асырылуын бақылайды;

—     жастар мен жұмыс істеудің озық тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады, оның қызметінің стилін, нысандарын және әдістерін жетілдіреді;

—     студенттер көзін-өзі басқару құрылымы мен жастар ұйымдары және жоғары органдармен белгіленген тәртіпте байланыс орнатады;

—     әлеуметтік, саяси, моральдық, этникалық, мәдени және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында студенттердің арасында қылмыс, сыбайлас жемқорлық және діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;

—     атқарған жұмыстары туралы тәрбие жұмысы және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарларына хабарлайды;

—     студенттік ортада еріктілер қозғалысын насихаттайды және жүргізеді.

Комитеттің жұмыс бағыттары:

— Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар

— Жастар саясаты

— Азаматтық – патриоттық тәрбие

— Рухани – адамгершілік тәрбие

— Студенттердің шығармашылығын дамыту

— Салауатты өмір салтын қалыптастыру

— Кәсіби еңбек тәрбиесі

— Студенттік жатақхана жұмысы.

Колледжде оқу-тәрбие үрдістерінде және сабақтан тыс уақытта студент жастардың әр түрлі салаларда жан-жақты дамуы мен белсенділігін арттыру үшін Жастар ұйымдары құрылған. Олар:

—     «Жас Отан» Жастар қанаты

—     «Аманат» еріктілер клубы

—     «Ақиқат» пікір-талас орталығы

—     «Томирис» қыздар клубы

—     «Жансарай» студенттер театры

—     «Жасыл Ел» және Студенттік құрылыс жасақтары

—     “ПСВК» Құрамасы ( жайдарман тобы)

—     «PSVK-media» БАҚ

—     «Қыз Жібек» бишілер ансамблі

—     «BC PSVK»  баскетбол командасы

—     «BC PSVK»   волейбол командасы

Комитет маманының жұмыс бағыты:

—     жастардың қоғамдық өмірге белсенділікпен араласуы мен қоғамның жастар туралы көңілге қонымды, объективті пікірінің қалыптасуын қамтамасыз ету;

—     студент жастардың көшбасшылық қабілеттерін арттыру бағытында жұмыс жасау;

—     студенттердің көшбасшы топтарының басқарушылық қабілеттерін дамыту;

—     комитет қызметкерлері мен студенттердің колледждің ішкі тәртібін бұзғандықтары туралы комитет жетекшісін уақтылы хабардар ету;

—     студенттің тұлғасын қалыптастыру, оның ішкі әлеуметтік дамыту, қоршаған ортаға деген мейірімділікке тәрбиелеу;

—     студенттердің студенттік өзін-өзі басқару (студенттік жиналыстарға) жұмысына қатысуы, колледждегі студенттік өмір мәселелері бойынша бірлесіп шешім қабылдау;

—     студенттік контингент арасынан көшбасшыларды анықтау;

—     жастар саясатын уақытында жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

—     колледжде, факультетте, оқу топтарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу; —     азаматтық ұстаным қалыптастыру, өзара әрекет етуді қамтамасыз ету, жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.