WorldSkills Kazakstan 2021

Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін барынша дамыту керектігіне мән беріп келеді.
«WorldSkills – жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттырып қана қоймай, кәсібилікті насихаттауды мақсат ететін коммерциялық емес қозғалыс. Бұл жастар арасында үлкен беделге ие». Соған орай осы жылы республикалық деңгейде алғаш рет Атырау қаласы “Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі” атынан “Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша студентіміз Орынбаева Алина бақ сынады.
Бұл чемпионатты өткізу — міндетті түрде жалғастыру қажет әрі маңызды іс. Жастарды оқытып, олардың дағдыларын жетілдіру — бұл үлкен жұмыс.  

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті Картмаганбетов Бахтияр Нұрсұлтан қаласына «World Skills Kazakhstan 2021» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына «Бизнеске арналған IT шешімдер»құзыреттілігі бойынша қатынасып келді.

«WorldSkills Kazakhstan – 2021»

2021 жылдың 2- 6 қараша күндері Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» Ұлттық чемпионаты өтті.
Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдау¬ла¬рында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін барынша дамыту керектігіне мән беріп келеді.
«WorldSkills – жұмысшы кәсі¬бінің мәртебесін арттырып қана қоймай, кәсібилікті наси¬хаттауды мақсат ететін коммер¬циялық емес қозғалыс. Бұл жас¬тар арасында үлкен беделге ие». Соған орай осы жылы республикалық деңгейде алғаш рет Атырау облысының намысын Атырау қаласы Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің “Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша студентіміз Орынбаева Алина бақ сынады.
Бұл чемпионатты өткізу — міндетті түрде жалғастыру қажет әрі маңызды іс. Жастарды оқытып, олардың дағдыларын жетілдіру — бұл үлкен жұмыс. Біз жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырыстық, бірақ әлі де істелуі керек істер бар, шеберлікті шыңдау қажет. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген колледждердің шәкірттерінің осындай алаңда өз шеберліктерін қалай көрсетіп жүргеніне куә болдық.
“Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша чемпионатты өткізген Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне және барша ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!
Орынбаева Алина:
Мен Орынбаева Алина “Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша республикалық чемпионатқа алғаш рет қатыстым. Кәсіби маман болып қалыптасуыма, жаңашыл идеяны басшылыққа ала отырып мамандыққа сәйкес берілген тапсырманы өз дәрежемде орындап шықтым. WorldSkills чемпионаты бүгінде техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер арасында жыл сайын өткізілетін, жұмысшы мамандықтарының әуелетін арттыруға зор ықпал ететін бірден-бір сайыстардың бірі. Бұл жас¬тар арасында үлкен беделге ие. Мамандыққа сәйкес 4 модуль бойынша тапсырма берілді. Әр модуль сәйкесінше кәсібилікті шыңдауға,жан-жақты ойлауға,тың идеяны жүзеге асыруға мүмкіндікке ие. Бұл жоба жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен бағыт болды.

«Демонстрациялық емтихан «WorldSkills» талаптары бойынша білім алушыларды аттестаттаудың жаңа форматы»

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде 2021 жылдың 13 қазанында «Демонстрациялық емтихан «WorldSkills» талаптары бойынша білім алушыларды аттестаттаудың жаңа форматы» тақырыбында семинар өтті.

Демонстрациялық емтихан элементтерін енгізудің мақсаты -Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің /ҚӨҚЗЖК/ білім беру бағдарламаларын игеру нәтижелерінің WorldSkills стандарттарының тиісті құзыреттіліктер бойынша талаптарына сәйкестігін анықтау болып табылады.
Семинар барысында:
🔰 Демонстрациялық емтихан шеңберін қалай ұйымдастыра аламыз?
🔰 Түлектерді даярлау жүйесінде демонстрациялық емтиханды енгізудің пайдасы неде?
🔰 Демонстрациялық емтихан арқылы дайындық шеңберін қалай ұйымдастыра аламын? Жоғары колледж оқытушыларының көкейінде жүрген сауалдарға кең көлемде нәтижелі сұхбат болды. APEC PetroTechnic Жоғары колледжімен ынтымақтастық негізінде директордың академиялық және өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Варавина Виктория Георгиевна, ЦӘК арнайы пәндер төрайымы; WS халықаралық сарапшысы Қалдыбаева Алтынай Саматқызы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар арқылы білікті мамандарды даярлау, сондай-ақ, WorldSkills аймақтық және салалық чемпионаттарының өткізілуіне және халықаралық чемпионаттарға қатысуына барынша ықпал ету жөнінде ойлар айтылды.
Алдағы уақытта да APEC PetroTechnic Жоғары колледжімен бірлескен шаралар жалғасын таба берері сөзсіз.