3 ақпаннан бастап колледж барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, аралас режимде оқытуға көшті.
🔹Білім алушылар назарына: ▫️Бетперде- 3 дана, екінші аяқ киім, студент формасы, оқу құралдары міндетті түрде болуы қажет. ▫️Колледжге кіреберісте температура өлшенеді. ▫️1 қатарда студенттер үшін гардероб жұмыс жасайды. ▫️Дәліздерде және барлық аудиторияларда қолдарыңызды залалсыздандыруға арналған антисептиктер орнатылған. ▫️Дәліздерде ауыз су мен қолданылған бетперде тастауға арнайы жәшіктер қойылған. ▫️ Аудитория толтырымы 15 студенттен аспайтын, әрбір топ жеке кесте бойынша оқитын болады.
28 қаңтарда колледжішілік оқытушылар арасында «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар – сапалы білім
берудің негізі» тақырыбындағы педагогикалық оқулар өтті.
Педагогикалық
оқулардың негізгі мақсаттары:
— колледж оқытушыларының кәсіби деңгейін көтеру;
— үздік педагогикалық тәжірибені анықтау және танымал
ету;
— ұсынылған жұмыстар мен олардың презентацияларының
мәліметтер банкін құру
— облыстық педагогикалық оқуларға жұмыстар дайындау.
Педагогикалық оқулардың
міндеттері:
— педагогикалық кадрлардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау:
— білім беру үдерісіне озық педагогикалық тәжірибені енгізуге көмектесу.
2020-2021 оқу жылына арналған колледж әдіскерінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 25-28 қаңтар аралығында колледжішілік оқытушылары арасында кәсіби байқаулар өтті.
Талантты,
шығармашылықпен жұмыс
жасайтын оқытушыларды анықтау; Шығармашылықпен жұмыс
жасайтын оқытушылардың педагогикалық еңбек өтілін
насихаттау; Оқытушылардың ізденімпаздық
қызметке және кәсіби
шыңдалуға ынталандыру мақсатында
қаңтардың 25-26 аралығында «Жыл оқытушысы- 2021» кәсіби
шеберлік байқауы өтті. Байқауға «Жалпы білім беретін жаратылыстану- математика
бағытындағы пәндер» кафедрасынан Доскалиева А.М.; «Шетел тілі пәндері»кафедрасынан
Байданова Н.М.; «Автоматика,энергетика және радиобайланыс» кафедрасынан Зинетуллина
Ф.М; «Бағдарламалық инженерия» кафедрасынан Ниязова А.А.; «Педагогикалық
мамандықтар» кафедрасынан Ищанова А.М. «Экономика» кафедрасынан Куспанова Б.К.
қатысты.
Байқау төрт кезеңнен тұрды:
І кезең «Сырттай»:
Қатысушының портфолиосы – 5 ұпай;
«Педагогикалық эссе» — 5 ұпай;
ІІ кезең «Педагогикалық»:
Қатысушының визит
картасы (5 минут) – 10 ұпай
Кәсіби
бағытты қорғау (5 минут) – 10 ұпай
ІІІ кезең «Интеллектуальды-шығармашыл»
Ерікті түрде
таңдалған тақырыпқа кураторлық
сағат (панорама) – 5 ұпай;
«Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану»
тақырыбындағы панорамалық
сабақты қорғау (15-20 минут) – 5 ұпай;
«Мұғалімнің психология-педагогикалық және әдістемелік құзыреттілігі» тестілеу.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай «Nur Otan» партиясының бастаған #Qaharman челленджін қолдай отырып Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі атынан соғыс жылдарында ерлердің рухына тағзым ете отырып, тұлғалар есімін еске алу үшін челлендж эстафетасын бастады.
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш етіп тарихта қалған ерекше күн. Арада қанша жыл өтсе де бір миллион екі жүз мыңға тарта қазақстандық жан беріп жан алыса айқасқан майдан жаңғырығы әлі естіледі.
Бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге құрмет қашанда ортаймауы тиіс.
Осы Эстафетаны әрі қарай үйінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлері бар барша оқытушылар мен студенттерге жолдаймыз! #Qaharman
Сурет салу жәй ғана бейнелеу өнері емес. Суреттер арқылы баланың өмірге деген көзқарасы мен қоршаған адамдармен қатынасы сияқты түрлі ақпарат алуға болады.
Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің 19/18.21 тобына өткізілген бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі сабағы.