«Жас сарбаз» облыстық әскери-интеллектуалдық эстафета ойындары

Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастырумен 9-10 қараша аралығында ТжКББ ұйымдары арасында «Жас сарбаз» облыстық әскери-интеллектуалдық эстафета ойындары өткен болатын. Аталмыш эстафета ойындарына Жоғары колледжіміздің 1-2 курс студенттерінен құралған «Жалын» тобы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Конференция: «Қазіргі өмірде компьютерлік технологиялар мен ІТ шешімдерді дамыту және қолдану перспективалары».

10 қарашада Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының 2-5 курс студенттері арасында колледжішілік студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция тақырыбы: «Қазіргі өмірде компьютерлік технологиялар мен ІТ шешімдерді дамыту және қолдану перспективалары». Конференцияда 2 секция жұмыс істеді.
«Ақпараттық қоғам өміріндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың өзекті мәселелері» бөлімінде баяндамалар ұсынылды:
1. Аманжолов Даниял «IT саласының болашақ дамуы», 4.20.24 тобының студенті
2. Мурсалимов Эльдар «Онлайн қызметтер және оларды қолдану», топ 4.18.44 тобының студенті
3.Тушканов Захар «Болашақтың смартфондары фотогалереясы», топ 5.19.32 тобының студенті
«Заманауи IT жобалары, бағдарламалары және веб-қосымшалары» атты екінші секцияда олардың жұмыстары ұсынылды:
1. Кубиев Қайрат қолданбалы бакалавриат 4.21.51 тобының студенті «CSS көмегімен анимация құру»
2.Сағынов Бейбарыс «Ойын қосымшасын құру», 4.18.42 тобының студенті
3. Саматов Медеу «Интернет сервистерін пайдалана отырып тест құру»,4.19.32. тобының студенті
4. Қожахмет Аян «Балалар ойындарын қазақ тілінде дубляждауға арналған YouTube контентін жасау», 4.18.41 тобының студенті
Конференцияға келген аудитория студенттері ұсынған қызықты және мазмұнды баяндамаларды, сондай-ақ жобалардың, бағдарламалардың және веб-қосымшалардың мысалдарын қызығушылықпен тыңдады.

IT Skills PSVK

8 қарашада ІТ-мамандықтардың кезекті «IT Skills PSVK» байқауы өтті. Бұл байқауда «Графикалық дизайн», «Информатика», «Компьютерлік техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету» 3 құзырет ұсынылды.
Графикалық дизайн бөлімінде студенттер корпоративтік сәйкестікпен жұмыс істеді: олар ПСВК студенттері мен оқытушылары үшін визиткаларды жасап, бейдждерді қайта безендірді. Қызықты жұмыстар мен дизайнерлік шешімдерді Сатым Мұқан, Сулейманов Ислам, Әбішев Нұрдәулет және Мурсалимов Эльдар қатынасып өз жұмыстарын ұсынды.
Компьютерлік техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету секциясында кабельді қысу, компьютердің жүйелік блоктарын құрастыру және бөлшектеу бойынша шеберлік сабақтары өткізілді. Кабельді коннекторға жалғау бойынша бағын сынап көргісі келгендердің бәрі сынаушының көмегімен қысқыштың сапасын бірден тексерді. Бұл сайыста өз қызығушылығын танытып, атсалысқан студенттер қатарынан Саламатұлы Дастан, Шакизада Фатима, Жаңбырбаев Әлішер, Адаева Елена және басқа 2, 3, 4 курс студенттерін атап өтуге болады.
4.19.33 тобының үшінші курс студенттері Ренат Бадаубаев пен Есбол Саметов компьютердің жүйелік блогын құрастыру және бөлшектеу сайысында жақсы өнер көрсетті. Байқаулар мен шеберлік сыныптарға атсалысқан қатысушыларын құттықтаймыз.

Әлем чемпионы

Қараша айының 5-7 аралығында Түркия елінің Стамбул қаласында өтіп жатқан әлем Чемпионатында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы 21/19.31 тобында оқитын  студенті Сайнов Бекзат 16-17 жас кумитэ (kansei shiai) -61 кг салмақ дәрежесінде Әлем Чемпионы атанды. 1-ші жекпе жекте Чехия елінің спортшысымен кездесіп 2:0 есебімен жеңіске жетті. 2-ші жекпе жекте Румыния елінің спортшысын кездесіп 2:1 есебімен тізе бүктірді. Финалға шығатын жекпе жекте Болгария елінің спортшысымен кездесіп, уақытынан бұрын жеңісті қанжығасына байлады. Финалдық жекпе жекте Венгрия елінің спортшысын белгіленген уақыттан бұрын ерте ұтып, Әлем чемпионы атанды.

Elementor #5991

Семинар тақырыбы: «Мұғалімге көмектесетін технологиялар»

2021 жылғы 5 қарашада Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде мұғалімдерге арналған оқыту семинары өтті  семинар тақырыбы: «Мұғалімге көмектесетін технологиялар». Семинар бір уақытта офлайн форматта және ZOOM платформасында өтті. Семинарда презентациялар, плакаттар және интерактивті тапсырмалар мен викториналар әзірлеу мәселелері қаралды.
Конференция өткізген спикерлер: Боварник И.А. «Canva сайтында мұғалімдерді тегін тіркеу тақырыбында сөз алды», А.А.Ниязова «Интернет қызметтерін пайдаланып мультимедиялық презентациялар жасау», Ишутина И.Р. «Интерактивті тапсырмаларды қолдану», Абдрахманова А.С. «Google есептік жазбасымен жұмыс істеу», Утегалиева А.Т. «Сабақ барысында викториналар мен тесттерді құру қызметтері тақырыбында сөз алды».