«Ұлылықтың бастауы-ұлағатты ұстазым» атты мерекелік кеш өтті

4 қазан күні ұстаздар мерекесі күніне орай Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында «Ұлылықтың бастауы-ұлағатты ұстазым» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеште ұстаздарымызға колледжіміздің белсенді студенттері керемет көңіл күй сыйлай білді. Шара барысында ұстаздарымызды алғыс хатпен марапаттады.

«Біз таланттарды іздейміз» атты байқау ұйымдастырылды

Ағымды жылдың 02 және 03 қазан күндері жоғары колледжіміздің 15 жылдығына орай 1 курс студенттері арасында «Біз таланттарды іздейміз» атты байқау ұйымдастырылды. Екі күнге созылған бұл іс-шарамыздың негізгі мақсаты студенттерді қоғамдық — мәдени өмірге жетелеу. Байқауымыздың 1 күні дәстүрлі және эстрадалық ән, мәнерлеп оқу шеберлігі, жүргізушілік, сурет және көрме бағыттары бойынша студенттеріміз бақтарын сынады. Ән бағыты бойынша талантты студенттеріміз дауыстарын шыңдаса, ал мәнерлеп оқу шеберлігінде жүрек тебірентер өлең окулары мен өздерінің жеке шығармаларын көркем тілмен жеткізе білді. Жүргізушілік бағыт бойынша студенттеріміз жүргізушілік шеберліктің сан түрлі қырларын көрсете білсе, сурет және көрме бағытының студенттері сурет салудың дағдылары арқылы бейнелеу өнерінің дүниетанымын, талғамын ерекше бейнелеп көрсетті. Байқауымыздың 2 күнінде талапты студенттеріміз түрлі аспаптарда өнер көрсету, әртістік шеберлік, КТК ойындары, Халықтық және заманауи би бағыттары бойынша өнер көрсетті. Түрлі аспаптарда өнер көрсету бағытында студенттеріміз домбыра, гитара, баян аспаптарын қолданса, КТК ойындарында әзілкештерде бола білді. Сонымен қоса халықтық және заманауи би бағытында студенттеріміз әртүрлі ұлт өкілдерінің, заманауи және ұлттық биімізді таныстыра білді.
“PSVK media” клубының төрайымы Алина Орынбаева @orynbayeeva
Фотосуретке түсірген: @miikoo_sw

«Тіл-ұлттың ең асыл қазынасы» айлығы аясында кітап көрмесі өтті

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі, Атырау қалалық кітапханамен бірлесіп «Тіл-ұлттың ең асыл қазынасы» атты тілдер мерекесінің айлығына байланысты шара өткізді. Шара барысында сирек кездесетін кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Шараға колледжіміздің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері белсене араласты.
#caspiancollege
#псвк

Жоғары колледжіміз тіл мерекесін атап өтті

Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Дәл осындай іс — шаралардың бірі біздің жоғары колледжімізде тіл мерекесінің айлығына орай ұйымдастырылған болатын. Дәстүр бойынша жыл сайын болатын бұл мерекелік жиында студенттеріміз әртүрлі ұлттардың биін билеп, керемет көңіл — күй сыйлай білді. «PSVK media» клубының жетекшісі: Алина Орынбаева!
#псвк
#caspiancollege