Облыстық спартакиада

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жыл толуына орай, 23 қараша күні өңіріміздегі колледж және жоғары оқу орындары арасында Атырау облысы білім беру басқармасының 19.10.2021ж. күнгі № 317 бұйрығына сәйкес, облыстық спартакиада ұйымдастырылды.
Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі оқытушыларынан құралған команда футзалдан алғашқы ойында жоғары колледжіміздің командасы «Қызылқоға көп бейінді» колледжін 7:0 есебімен ұтқан болатын. Екінші ойында «Бизнес және құқық» колледжін 3:1 есебімен жеңіп,жартылай финалға жолдама алды.  

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледж оқытушыларына алдағы облыстық спартакиада ойындарында ЖЕҢІС тілейміз !!!

«Бір ел — бір кітап. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына — 30 кітап»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің кітапханасында «Бір ел- бір кітап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Байешова Ғалия Сәлімжанқызы ZOOM платформасы арқылы қосылды. «Сенім» элитарлы мектеп- балабақша кешенінің кітапханашысы Қали Римма Амирқызы Ы.Алтынсариннің «Өнер- білім бар жұрттар…» кітабын таныстырды. Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының мамандары «30 жылдыққа -30 кітап» тізіміне енген кітаптарды таныстырып, қысқаша түсіндірме беріп өтті.
Қазақ тілі және әдебиет пән оқытушысы Жұмаш Данагүл Русланқызы — «Алғашқы айлар» (М.Иманжанов) туралы әңгімелеп берді. 
Сонымен қатар, негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиет оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 1/21.11 топ студенттері өздерінің оқыған кітаптарын талқылады. Атап айтсақ, Лимарова Венера — «Дарабоз» (Қабдеш Жұмаділов), Жумабаева Инкар — «Алғашқы мұсылман Хадиша ради Аллаһу анһа» (Абдулла Кулькибаев), Аралбай Бекзат — «Аq pen Qara » (Бағлан Әбдірайым), Серикова Жулдыз — «Хочу и буду» (Михаил Лабковский) кітаптарын таныстырып, көрермен студенттерге оқуға кеңес білдірді. Жоғары колледж кітапханашысы Ирина Анатольевна Броварник шараны қорытындылап, атсалысқан студенттерді сертификаттармен марапаттады және «Абайдың қара сөздері» жиынттығын сыйға тартты.