Колледж спортшылары үздіктер қатарында!!!

5-6 ақпан күндері ЖОО және ТжКББ ұйымдары арасында футзалдан облыстық студенттер лигасы өтті. Жоғары колледжіміздің құрама командасы аталмыш лигада жүлделі ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушылары, дене шынықтыру және спорт кафедрасы оқытушыларына алғыс білдіреміз. Құттықтаймыз.
#колледжмақтаныштары
#caspiancollege
#psvk

Әмірше Ғибрат — «Ең үздік жасөспірім спортшы-2019»

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің Аударма ісі мамандығының 1 курс студенті жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік жасөспірім спортшы-2019» номинациясына иеленген Әмірше Ғибратты @gibrat_jj шын жүректен құттықтаймыз! Ғибратқа алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!
#мақтанышымыз🔥👍🏻

Санжар- Әлем біріншілігінің қола жүлдегері!

Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Дәби қаласында өтіп жатқан Джиу-джитсудан әлем чемпионатында атыраулық спортшы, жоғары колледжіміздің 4 курс студенті Айтмухамбетов Санжар @sanzharjj 56 келі салмақ дәрежесінде файтинг систем бөлімі бойынша қола медаль иегері атанды.
Студентіміз дүбірлі доданың бірінші кезеңінде Бельгия елінің спортшысын ұтып, екінші кездесуде ресейлік спортшыға есе жіберіп, қола жүлде үшін өткен кездесуде Италия елінің спортшысын сан соқтырды. Әлем чемпионатының жүлдегері атанған спортшымызды құттықтаймыз!
#caspiancollege
#bizge15jyl

Әбу-Дабиде атой салған Әмірше Ғибрат!

Жоғары колледжіміздің студенті Ғибрат БАӘ елінде әлемдік додада қазақ елінің туын көкке көтеріп, күміспен күптелді. 46 килограмм салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, финалдық сынға жолдама алған студентіміз, күміс жүлдені қанағат тұтты! Студенттерімізге байрақты бәсекелерде сәттілік тілейміз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!
#caspiancollege
#bizge15jyl

Кіші аяқ добынан турнир өтті

Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының апталық аясында 1 курс студенттері арасында кіші аяқ добынан турнир өтті. Турнирге әр бөлімнен 2 командадан өтініш беріліп, жалпы 8 команда қатысты. 1 орынды құқықтану мамандығының құрама командасы иеленсе, 2 орынды мұнай мамандығы, 3 орынды дене тәрбиесі және спорт мамандығының студенттері иеленді. Студенттер тарапынан алдағы уақытты спорттық шаралар жиі өткізілсе деген ұсыныс білдірді. Қатысушы барлық студенттерге алғыс білдіреміз.