Санжар- Әлем біріншілігінің қола жүлдегері!

Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Дәби қаласында өтіп жатқан Джиу-джитсудан әлем чемпионатында атыраулық спортшы, жоғары колледжіміздің 4 курс студенті Айтмухамбетов Санжар @sanzharjj 56 келі салмақ дәрежесінде файтинг систем бөлімі бойынша қола медаль иегері атанды.
Студентіміз дүбірлі доданың бірінші кезеңінде Бельгия елінің спортшысын ұтып, екінші кездесуде ресейлік спортшыға есе жіберіп, қола жүлде үшін өткен кездесуде Италия елінің спортшысын сан соқтырды. Әлем чемпионатының жүлдегері атанған спортшымызды құттықтаймыз!
#caspiancollege
#bizge15jyl

Чемпионмен кездесу!

Бүгін Жоғары колледжімізде «Jas Otan» ЖҚ Атырау облыстық филиалының қолдауымен жүзу спортынан әлем кубогінің бірнеше дүркін иегері, Азиада ойындарының екі дүркін чемпионы, халықаралық дәрежежегі спорт шебері, жерлесіміз Сәлімгереев Ержанмен @swimming.erzhan әсерлі кездесу болды. Кездесу барысында даңқты спортшы жастарға жетістікке жетудің қыр-сырын айтып, «дене шынықтыру және спорт» мамандығында оқитын студенттерімізді жеңіске жету жолында талмай еңбек етуге шақырды. Студенттеріміз чемпион ағаларына сұрақтар қойып, үлкен спорттағы қиыншылықтар, оларды жеңу жолы туралы керемет мотивациялық кеңес алды. Спорттың биік шыңында жүрген жерлесімізге алдағы байрақты бәсекелерде жеңістер тілейміз!
#caspiancollege
#bizge15jyl

«Никотинге витамин» атты акциясы өтті

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің «ПСВК еріктілер» клубы «Никотинге витамин» атты акциясын ұйымдастырды. Атырау қаласының халқы көп шоғырланатын жерлеріне барып, арнайы қорапқа темекті тастатып, орнына жемістерді сыйға берді.
#caspiancollege