Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі, Атырау облысының білім беру басқармасының әдістемелік орталығы және Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжімен біріккен «Еңбек нарығының қазіргі заманғы тенденцияларын ескере отырып, ТжКБ-дағы инновациялық білім беру қызметінің өзекті бағыттары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті.
✅ «Жоғары білікті мамандарды даярлаудағы модульдік-құзыреттілік тәсілдің алатын орны;
✅Модульды және дуальды оқыту әлеуметтік серіктестікті нығайту факторы ретінде;
✅WorldSkills чемпионатын өткізу технологиясы» бағыттары бойынша;
✅«Білім берудегі заманауи тәсілдер»;
✅«Білім беруде IT технологияларды қолдану» бағыттары бойынша ғылыми-практикалық қызметтегі халықаралық тәжірибемен алмасу болды.
Қазақстандағы және алыс жақын шетелдердегі яғни, Қырғызстан мемлекетінен, Астрахань, Омбы облыстарынан, ТжКББ оқу орындарының басшылары мен оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, жұмыс берушілер мен бизнес өкілдері қатынасты.

Өңірде жаңашылдықтарды, озық тәжірибелерді халықаралық деңгейде тарату мақсатында жоғары колледж жұмысын жалғастыра береді.

Сертификаттарды жүктеу

«Жыл оқытушысы-2021» байқауы өтті

2020-2021 оқу жылына арналған колледж әдіскерінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 25-28 қаңтар аралығында колледжішілік оқытушылары арасында кәсіби байқаулар өтті.

Талантты,  шығармашылықпен жұмыс  жасайтын  оқытушыларды  анықтау; Шығармашылықпен  жұмыс  жасайтын  оқытушылардың  педагогикалық еңбек  өтілін  насихаттау; Оқытушылардың ізденімпаздық  қызметке және  кәсіби шыңдалуға  ынталандыру мақсатында қаңтардың 25-26 аралығында  «Жыл оқытушысы- 2021»  кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға «Жалпы білім беретін жаратылыстану- математика бағытындағы пәндер» кафедрасынан Доскалиева А.М.; «Шетел тілі пәндері»кафедрасынан Байданова Н.М.; «Автоматика,энергетика және радиобайланыс» кафедрасынан Зинетуллина Ф.М; «Бағдарламалық инженерия» кафедрасынан Ниязова А.А.; «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасынан Ищанова А.М. «Экономика» кафедрасынан Куспанова Б.К. қатысты.

Байқау  төрт кезеңнен тұрды:

І кезең  «Сырттай»:

  • Қатысушының  портфолиосы – 5 ұпай;
  • «Педагогикалық  эссе» — 5 ұпай;

ІІ кезең «Педагогикалық»:

  • Қатысушының  визит  картасы (5 минут) – 10 ұпай
  • Кәсіби бағытты  қорғау (5 минут) – 10 ұпай

ІІІ  кезең  «Интеллектуальды-шығармашыл»

  • Ерікті  түрде  таңдалған  тақырыпқа  кураторлық  сағат (панорама) – 5 ұпай;
  • «Жаңа  педагогикалық технологияларды  пайдалану»  тақырыбындағы  панорамалық сабақты  қорғау (15-20 минут) – 5 ұпай;
  • «Мұғалімнің  психология-педагогикалық және  әдістемелік құзыреттілігі»  тестілеу.
  •  

IV кезең  «Шығармашылық»:

  • «Педагог» конкурсы (Кафедра  мүшелері, студенттері байқауға  қатысушы оқытушының  жетістіктерін  байқатады, қатысушы аталған  кезеңге  қатыспайды), (7-10 минут) – 10 ұпай;
  • «Менің  шығармашылығым»  байқауы (өзіндік  қызығушылықтары мен  жеке  қабілеттерін көрсететін  презентация) – (5-7 минут) – 10 ұпай

Ең жоғары  ұпай — 60 

Байқау нәтижесінде:

Куспанова Ботагоз Кунтугановна- 2-орын

Ищанова Айтбике Махыбиденқызы-3-орын

Доскалиева Айдана Муратоовна-алғыс хат

Зинетуллина Фарида Мергеновна-алғыс хат

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

     Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН шын жүректен құттықтаймын!

      Қазақстанның Білім беру саласын дамыту жолында сүбелі еңбек етіп жүрген биік парасат иесі ол – Сіздер, менің қадірлі әріптестерім! Сіздер өз саласының білгірі, өз еңбегінің озатысыздар. Тәуелсіз еліміздің Білім саласының дамуына әрі жоғары колледжіміздің алдыңғы орындардан көрінуіне ерекше серпін бердіңіздер! Тынымсыз ізденіске толы еңбек жолдарыңыз ұрпақ үшін үлкен өмір мектебі боп қалатындығы даусыз. Алдағы уақытта да әрбір істеріңіз берекелі, мерейлеріңіз үстем болсын!

      Әріптестерімнің бойынан жиі байқалатын ұйымдастырушылық, еңбекқорлық қасиеттер бәсекеге қабілетті, кемел ұрпақ тәрбиелеудің жарқын үлгісі екендігіне кәміл сенімдімін. Жас жеткіншектердің өсіп-өркендеуіне, заман көшіне сай құзіреттілігі жоғары маман болып қалыптасуларына бет бұрған білім кемелеріңіз теңіздің толқынына төтеп беріп, сіздерді ақ таңдарға жетелей түссін!

      Осынау мерекелі күні, Сіздерге өз атымнан риясыз алғысымды білдіремін!

Жоғары колледж директоры

Мұхтаров Мұстахим Харенұлы

Ұстаздар күніне арналған мерекелік онлайн коцерттің толық нұсқасы