КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕ.

Балабақша әдіскері Нұргүл Бағытқызы. Кәсіптік тәжірибе барысында машықтанушыларға оқу әрекетін ұйымдастыру жұмыстарымен таныстырып кеңес беруде үнемі атсалысады. Болашақ тәрбиеші мамандарды түрлі ұйымдастыру жұмыстарына қатыстырады, бағыт-бағдар береді. Міне, кәсіби құзіреттілікті көтеруде машықтану тәжірибесінің студенттер үшін маңыздылығы ерекше керек екендігі сөзсіз. Іс-тәжірибедегі студенттеріміз кәсіби біліктерін арттыруда балабақша ұжымына риза.

КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕ — БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ӨЗІН — ӨЗІ ДАМЫТУЫ.

Кәсіптік тәжірибе: Каспий өңірінің қазіргі
заманғы жоғары колледжі 19.18.21. «МТД» мамандығының білім алушылары тәжірибелік дайындықтан өтуде.
Атырау қаласы, «Жадыра» 55 балабақша-бөбекжайы.
Іс-тәжірибе кезінде студенттер ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында тәжірибе жинақтауда. Білім алушылар тәрбиеші жұмысымен танысып, білімдерін толықтырып шыңдалуда. Тәрбиешінің өткізген оқу іс-әрекетін бақылап, өздері де өткізіп көруде.
* Менің әдіскер ретіндегі мақсатым: практиканттарға әдістемелік әңгімелесу, режимдік үрдістерді, сабақтарды өткізіп көруін ұйымдастыру, кеңес беру.
* Балабақшада: Іші мұнтаздай таза, шағын балабақша іші әдемі көрінді. Балабақша бүлдіршіндері у-шу, әсем күлкілерімен еріксіз күн шуағындай қарсы алды.
* Әдіскермен кездесу: Балабақша әдіскері Назгүл Ізбасарқызы Ориспаева. Жылы жүзді ізгілікпен, мейірімділікпен баурап алды. Студенттерді мамандыққа бейімдеуде тәрбиешілердің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты, колледж студенттеріне ризашылығын білдірді.
* Топтарды аралау: Студент Рақымжанова Шынар би залында. Балалармен бірге билеуде. «Қалпақ» биін тамашаладым, риза болдым.
Ортаңғы топта Сайфуллина Шалқу балаларға ертегі оқуда.
*Ой толғаныс.
Міне, кәсіби дағдыны, бейімділікті байқау мақсатында балабақшада өткізген бір күнім студенттердің мамандыққа деген көзқарасымен ынтасынан ой толғауға да себепші болды. Кәсіптік тәжірибе — болашақ маманның өзін-өзі дамытуы.
* Балабақша басшысы Стамғалиева Баршагүл әріптесіме ризашылығым шексіз. Еңбек жолында шығармашылықпен көріне берсін.

Білім алушылардың кәсіби практикасы

Болашақ мамандар 19.18.21 тобы «Алтын кілт», «Бәйтерек» балабақшаларында кәсіптік тәжірибеден өтуде. Ұйымдастыру, өткізу, бақылау мақсатында кәсіби іс-әрекетке дайындалуда. Тәрбиеші және әдіскердің көмегімен білім алушылар оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың дағдыларын үйренуде. Студенттер Абатова Шұғыла, Ермұханова Аягөз, Жанғалиева Мәншүк, Хамитова Гүлнұр, Шүйшова Ұлжан балалармен режимдік сәттерді өткізуде қызығушылықтарын да танытты. Әдіскер Нұргүл Багитовна, тәрбиеші Салтанат Тыныштыққызымен тәжірибе алмасудағы сәттерін ой бөлісе тыңдады.

Есказиева С.Т.

«Жігіт сұлтаны-2020» байқауына кастинг!!!

◽️Жоғары колледжіміздің жігіттер назарына🔽

◽️06 ақпан күні «Жігіт сұлтаны-2020» байқауына іріктеу /кастинг/ өтеді.
◽️Келіп, бағыңды сынап көр!
◽️»Сенім» ғимараты, акт зал
◽️Толық мағлұмат: +7 (775) 888-77-06

@_diyar_888
@masat.sultan

#кдм#7аудитория
#caspiancollege
#psvk