Студенттік өмір- ізгі өмірдің бастауы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген Халықаралық студенттер күніне орай Құрманғазы мәдениет үйінде «Студенттік өмір- ізгі өмірдің бастауы» атты Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің 1 курс білім алушыларын студенттер қатарына салтанатты қабылдау кеші өтті. Жоғары колледж директоры Мустахим Харенұлы ресми түрде Студенттік билет пен сынақ кітапшасын табыстап, студенттерімізге сәттілік тілеп жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнагүл Мақсотқызына сөз беріліп, биылғы оқу жылындағы республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдегерлерін марапаттады. Мерекелік іс- шарада жоғары курс студенттері мен бірге білім ордасына енді келген 1 курс студенттері де атсалысып, өнер көрсетті.

Бағдарламалық инженерия кафедрасының «Мені қызықтырған әлем» атты 10 күндік

Техника қарқыны артқан қазіргі уақытта компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақ білімді ұрпақ, кәсіби маман болып қалыптасуды талап етсе, оның басты кілті – барлық ғылымды, жаңартылған технологияны меңгеруінде. Осы орайда, Жоғары колледжімізде 1-15 қараша аралығында “Бағдарламалық инженерия”   кафедрасының «Мені қызықтырған-әлем!» тақырыбындағы информатика және ІТ пәндерінің онкүндігі басталды. Онкүндік аясында студенттеріміздің оқып-үйренудегі танымдық қабілеттерін дамытып қана қоймай, теориялық және тәжірибелік бағыттағы ашық сабақтар, олимпиадалар, конкурстар, ойындар мен конференциялар өткізу басты назарға алынып отыр. Онкүндіктің ашылуы «Информатика – екінші сауаттылық» атты копирайтерлер байқауымен басталып, оған 2,3,4 курс студенттері қатысқан болатын. Студенттер орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде жылдам әрі дұрыс теру бойынша сайысқа түсті. Ал, екінші турда байқаудың финалистері бағдарламалық кодты теріп, жылдамдығы ғана емес, теру қателерінің жоқтығы да бағаланды. Байқауға ақпараттық-техникалық бөлім бойынша Нұрғиса Бекжан, Әбішев Нұрдәулет, Бадаубаев Ренат, Власова Галина, Темірхан Ерсін және басқа да студенттер қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде, «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3-курс (4/19.33 тобы) студенті Дюсенбаев Алишер байқау жеңімпазы атанды. Жүлделі ІІ орынды қолданбалы бакалавриат 4/21.21 тобының 2-курс студенті Жаңбырбаев Алишер иеленсе, ІІІ орын 4/18.44 тобының 4-курс студенті Александра Червячеваға бұйырды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз.          Онкүндік шеңберіндегі іс-шараларда кафедра оқытушылары мен бөлім студенттері кәсіби тәжірибе алмасып, берік қарым-қатынас орнайды деген сенімдеміз.

 

 

Ыбырай Алтынсарин — даланың ұлы ағартушысы

2021 жылдың 20 қазанында (1 қараша) Қазақстанның қоғамдық ойы мен әдебиетінің тарихына ұлы және талантты педагог-ағартушы, этнограф, фольклоршы, жазушы, ақын, ғалым ретінде енген Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толады. Ы.Алтынсарин өз қызметімен қазақ халқының мәдениетін байытып, Қазақстанның болашақ ұрпағына көптеген тамаша еңбектер қалдырды.

Ибрай Алтынсарин — великий просветитель степи автор: Ирина Броварник