«GAME MASTER» ойын қолданбалары мен бағдарламалары

11 қарашада Каспий өңіріінң өазіргі заманғы жоғары колледжінде “Game master”ойын қолданбалары байқауы өтті. Сайысқа қатысқан студенттер әртүрлі платформаларда және әртүрлі бағдарламалау орталарында әзірленген ойындарын көрсетті.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар кешенін құрастырғаны үшін бірінші орын қолданбалы бакалавриаттың 5 курс 4.21.51 тобының студенті Ян Кондрашовқа берілді. Ол 4 ойын ұсынды.«Гонки», «Найди отличия», «Считалочка», и «Цветовой тренажер».
Екінші орынды 4.19.33 тобының студенті Канцев Артем «Farm TD» ойын бағдарламасын, 4.18.42 тобының студенті Сағынов Бейбарыс C# редакторында жасалған ойынмен бөлісті.
ІІІ орынды Мурсалимов Эльдар 4.18.44 тобының студенті «Танчики» ойынымен, 4.19.33 тобының студенті Әбішев Нұрдәулет «Ұстап ал» ойынымен және Құбайдуллаев Даниал «Лабиринт» және «Танки» ойындарын көрсетіп аталған орындарға ие болды.
Сайыскерлерімізге одан әрі шығармашылық табыстар тілейміз, сонымен қатар компьютерлік ойындарды бағдарламалау және әзірлеу дағдыларын шыңдай түсуіне тілектеспіз.

«Жас сарбаз» облыстық әскери-интеллектуалдық эстафета ойындары

Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастырумен 9-10 қараша аралығында ТжКББ ұйымдары арасында «Жас сарбаз» облыстық әскери-интеллектуалдық эстафета ойындары өткен болатын. Аталмыш эстафета ойындарына Жоғары колледжіміздің 1-2 курс студенттерінен құралған «Жалын» тобы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Үстел теннисінен Облыстық спартакиада

Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастырылуымен өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, колледж студенттерінің арасында өткен облыстық спартакиадасында Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі үстел теннисінен ұлдар кұрамасы 3- орынға ие болып, қыздар кұрамасы жүлделі 2-орынды иеленді.

«Премьер лига — 2021» ПСВК құрамасы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Атырау облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен Атырау облыстық Көңілді тапқырлар клубы «Премьер лига-2021»  финалдық сайысының III-орын жеңімпаздары атанған ПСВК құрамасын шын жүректен құттықтаймыз!

«Демонстрациялық емтихан «WorldSkills» талаптары бойынша білім алушыларды аттестаттаудың жаңа форматы»

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде 2021 жылдың 13 қазанында «Демонстрациялық емтихан «WorldSkills» талаптары бойынша білім алушыларды аттестаттаудың жаңа форматы» тақырыбында семинар өтті.

Демонстрациялық емтихан элементтерін енгізудің мақсаты -Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің /ҚӨҚЗЖК/ білім беру бағдарламаларын игеру нәтижелерінің WorldSkills стандарттарының тиісті құзыреттіліктер бойынша талаптарына сәйкестігін анықтау болып табылады.
Семинар барысында:
🔰 Демонстрациялық емтихан шеңберін қалай ұйымдастыра аламыз?
🔰 Түлектерді даярлау жүйесінде демонстрациялық емтиханды енгізудің пайдасы неде?
🔰 Демонстрациялық емтихан арқылы дайындық шеңберін қалай ұйымдастыра аламын? Жоғары колледж оқытушыларының көкейінде жүрген сауалдарға кең көлемде нәтижелі сұхбат болды. APEC PetroTechnic Жоғары колледжімен ынтымақтастық негізінде директордың академиялық және өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Варавина Виктория Георгиевна, ЦӘК арнайы пәндер төрайымы; WS халықаралық сарапшысы Қалдыбаева Алтынай Саматқызы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар арқылы білікті мамандарды даярлау, сондай-ақ, WorldSkills аймақтық және салалық чемпионаттарының өткізілуіне және халықаралық чемпионаттарға қатысуына барынша ықпал ету жөнінде ойлар айтылды.
Алдағы уақытта да APEC PetroTechnic Жоғары колледжімен бірлескен шаралар жалғасын таба берері сөзсіз.