“Jastar Otanga” белсенді жастардың жаздық лагері өтті.

Ағымды жылдың 22-28 маусым аралығында Жастар жылы аясында Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен “Jastar Otanga” белсенді жастардың жаздық лагері өтті. Облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналған дарынды да жалынды жастардың басын қосып, бір арнаға толықтырған лагердің басты мақсаты жастардың тәжірибелерімен бөлісу, бос уақыттарын тиімді пайдалану. Аталмыш лагерге колледжіміздің жастар комитетінің инспекторы және белсенді жастары қатысқан болатын. Лагерь соңында қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

ТҰСАУКЕСЕР!

Команда @baiterekcinema

Директор Куаныш Танатаров, 

Режиссер: Аман Ергазиев @amanlakeea

Операторлар: Эльдар Сырымбаев @syrymbaev_06

Жетпісбай Нарынбай @zh.narynbai

Мерей Бақтығали @merey.baktygali

Монтаж: Аман Ергазиев @guwview

Әншілер: Жәнібек Аманиязов @zhanibek_amanyazov

Дәурен Рашид @rashid.dauren

Жұмажан Жедібаева @zhumazhan_singer

Бақытгүл Садықова @merhat__bakitgul

Зинетуллина Айнұр @ainurdastanovna

Жоғары колледжіміздің әнұранының бейнебаяны

«Ақ жол саған, арманшыл ұрпақ!» атты салтанатты кешіне шақырады.

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі ұжымы

Сізді 28 маусым күні сағат 10.30 және 14.00-де өтетін колледж бітірушілердің «Ақ жол саған, арманшыл ұрпақ!» атты салтанатты кешіне шақырады.

Өтетін орны: Атырау облыстық М.Өтемісұлы атындағы Академиялық қазақ драма театры

Жас маман — 2019

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде «Жас маман- 2019» бітіруші түлектерге арналған жәрмеңке өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – колледж түлектерін жұмысқа орналастыру. Жас түлектің тілегі – дұрыс жұмыс екендігі баршаңызға аян. Ия, расында жұмыс табу – оқу бітірген кез-келген дипломды маманның ендігі тілегі.
Болашақ білімді жастардың қолында – деп Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай дамыған қоғамда өмір сүргіміз келсе, жастарға қолдау жасаудың маңыздылығы жоғары. Әлеуметтік бағытталған экономикасы бар демократиялық қоғамды білімді жастарсыз елестету мүмкін емес.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
«Негізгі білім беру» «Аударма ісі» «Шетел тілінен бастауыш білім беру» «Бастауыш білім беру» мамандықтарының бітіруші түлектері өздерінің үш жақты түйіндемелерін ұсынып, жұмыс берушілермен пікірлесіп, жұмысқа орналасуға деген мүмкіндіктерін алды. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, жоғары колледжімізді бітіргелі отырған барлық жас маманға өмірден таңдаған кәсіптеріңіздің жемісін көріп, елге сіңіретін зор еңбектеріңіз арта берсін дегіміз келеді.