Жоғары колледжіміз тіл мерекесін атап өтті

Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Дәл осындай іс — шаралардың бірі біздің жоғары колледжімізде тіл мерекесінің айлығына орай ұйымдастырылған болатын. Дәстүр бойынша жыл сайын болатын бұл мерекелік жиында студенттеріміз әртүрлі ұлттардың биін билеп, керемет көңіл — күй сыйлай білді. «PSVK media» клубының жетекшісі: Алина Орынбаева!
#псвк
#caspiancollege

«Insta-BAIQAÝ» жариялайды

📣📣📣 Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!
🔻 Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі 15 жылдық мерейтойға орай «Insta-BAIQAÝ» жариялайды. Байқауға жоғары колледжіміздің студенттері, колледж түлектері қатыса алады.
🔹 Қатысушы @caspian_college парақшасы мен #bizge15jyl хештегін белгілеу міндетті! Жеңімпаздар арнайы сыйақылармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
📞 Қосымша сұрақтар үшін: +77784922694 Ақтолқын Серікқызы.
#bizge15jyl#caspiancollege#instabaiqay#

Jastar Otanga — 2019 жастар саяси лагері

Бурабай өңірінде қазақстандық белсенді жастардың басын бір арнаға біріктіретін,дәстүрлі түрде өтетін “Jastar Oranga -2019” жастар саяси лагері бастау алды! Еліміздің әр өңірінде жастар саясатының дамуына үлес қосып жүрген жастар ұйымдарының басшылары, жас блогерлер, актерлар, әр саланың үздік жастары бір сөзбен жасотандықтар 4-9 қыркүйек аралығында түрлі қоғам қайраткерлерімен, депутаттармен, шоу бизнес саласының жұлдыздарымен,бизнесмендермен кездесулер, семинар- тренингтер арқылы дәріс алатын болады! Жастар саяси лагерінің бағдарламасы бойынша тауға шығу, Show Kazakhstan, спорттық сайыстар және т.б. эмоцияға толы шаралар өтеді деп жоспарланған! Суретте атыраулық делегация! Делегация құрамында Жоғары колледжіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Jas Otan» ЖҚ Атырау қалалық филиалының төрағасы Батыржан Тілектесұлы Қисамеденов @batyrzhan_kisamedenov бар! Атыраулық жастарға сәттілік!

«Адалдық сағаты» өтті

2019 жылы қыркүйек айының екінші жұлдызында өскелең ұрпақтың өркениеті үшін жастар жылына орай колледж жастарының бойына рухани,адамгершілік, адалдық қасиеттерін сіңіру мақсатында Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде «Адалдық сағатынан» дәрістер оқылды. Жоғары колледжімізге қабылданған 750 студент толықтай қамтамасыз етілген аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменттің бас маманы Сағытжанов Самат Саламатұлы қатысты. Абай атамыздың асыл сөздері талданып, жастар өздерінің тұшымды пікірлерімен бөлісті. Еліміздің дамып өркендеуіне басты үлес қосатын жастарымыздың бойына патриоттық сезімді сіңіру үшін жүргізілетін жұмыстардың бағдарламалары да ұсынылды. Сөз соңында Елбасымыздың жастарға деген сенімінің мол екендігі айтылып, бірлесіп жұмыс жүргізуге ұсыныс тасталды.

Алғашқы қоңырау-2019

Күздің алғашқы күнімен келген жаңа оқу жылын Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі «Білім күні» шарасымен бастады. Студенттік өмірге қадам басқан студенттердің жүзінен жалынның ұшқыны, жанарынан жарқын болашақ лебі ескендей. Шараны колледж директоры Болат Құлмұханұлы құттықтау сөзімен ашып, өткен оқу жылының жетістіктерін тізбектей келе, егемен елдің ертеңі саналатын студенттерге оқуда озат, шығармашылық жолында табысты болуларына тілектестік білдірді. Шара соңында колледжіміздің әуелеген гимні шырқалып, 2019 жылы қабылданған талапкерлерді студенттер қатарына қабылданғандығы туралы бұйрық оқылды. Топ жетекшілермен танысқан студенттер жақсы көңіл-күйде тарқасты.