
Рубрика: Жаңалықтар


Колледж студенттері аралас режимде оқытуға көшті
🔴Құрметті 1 курс білім алушылары және ата-аналар!
3 ақпаннан бастап колледж барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, аралас режимде оқытуға көшті.
🔹Білім алушылар назарына:
▫️Бетперде- 3 дана, екінші аяқ киім, студент формасы, оқу құралдары міндетті түрде болуы қажет.
▫️Колледжге кіреберісте температура өлшенеді.
▫️1 қатарда студенттер үшін гардероб жұмыс жасайды.
▫️Дәліздерде және барлық аудиторияларда қолдарыңызды залалсыздандыруға арналған антисептиктер орнатылған.
▫️Дәліздерде ауыз су мен қолданылған бетперде тастауға арнайы жәшіктер қойылған.
▫️ Аудитория толтырымы 15 студенттен аспайтын, әрбір топ жеке кесте бойынша оқитын болады.








Педагогикалық оқулар байқауы өтті
28 қаңтарда колледжішілік оқытушылар арасында «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар – сапалы білім берудің негізі» тақырыбындағы педагогикалық оқулар өтті.
Педагогикалық оқулардың негізгі мақсаттары:
— колледж оқытушыларының кәсіби деңгейін көтеру;
— үздік педагогикалық тәжірибені анықтау және танымал ету;
— ұсынылған жұмыстар мен олардың презентацияларының мәліметтер банкін құру
— облыстық педагогикалық оқуларға жұмыстар дайындау.
Педагогикалық оқулардың міндеттері:
— педагогикалық кадрлардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау:
— білім беру үдерісіне озық педагогикалық тәжірибені енгізуге көмектесу.
Сіздердің назарларыңызға баяндамаға қойылатын критерийлер ұсынылды:
1. Тақырыптың оқулар тақырыбына сәйкестігі.
2. Баяндама мазмұнының оның тақырыбымен сәйкестігі және тақырыптың ашылуының толықтығы.
3. Идеяларды жүзеге асырудың механизмдері;
4. алынған немесе болжанған нәтиже;
5. Мәселені шешудің болашағы.
Педагогикалық оқуларға:
«Әлеуметтік және гуманитарлық пәндер» кафедрасы | Ахметов Т.Е. |
«Жалпы білім беретін жаратылыстану- математика бағытындағы пәндер» кафедрасы | Шахимаова А.А. |
«Шетел тілі пәндері»кафедрасы | Ахмедиева А.Ғ. |
«Автоматика,энергетика және радиобайланыс» кафедрасы | Абишева Ф.Н. |
«Автоматика,энергетика және радиобайланыс» кафедрасы | Абдрахманова Б.Н. |
«Автоматика,энергетика және радиобайланыс» кафедрасы | Иманалиева С.Т. |
«Автоматика,энергетика және радиобайланыс» кафедрасы | Джумагазиева З.Б. |
«Құқықтану»кафедрасы | Дюсенова З.А. |
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасы | Муханова А.Т |
«Педагогикалық мамандықтар» кафедрасы | Муканова М.К. |
«Дене шынықтыру және спорт»кафедрасы | Айпкалиев А.С. |
«Экономика» кафедрасы | Дербисинова В.К. |
«Мұнай және газ» кафедрасы | Уразов Н.М. |
ұсыныс беріп қатысты.
Нәтижесінде:
Ахмедиева Ақтоты Ғалымжанқызы — 1-орын
Шахимова Алия Асылбековна — 1-орын
Муханова Альбина Тулеуовна- 2-орын
Ахметов Турлан Еркинович — 3-орын
Дюсенова Зульфия Амангалиевна — алғыс хат
Муханова Мейрамгул Кадирбековна-алғыс хат
Айпкалиев Айдос Серікбайұлы- алғыс хат
Уразов Нуржан Мураткалиевич — алғыс хат

«Жыл оқытушысы-2021» байқауы өтті
2020-2021 оқу жылына арналған колледж әдіскерінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 25-28 қаңтар аралығында колледжішілік оқытушылары арасында кәсіби байқаулар өтті.
Талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды анықтау; Шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушылардың педагогикалық еңбек өтілін насихаттау; Оқытушылардың ізденімпаздық қызметке және кәсіби шыңдалуға ынталандыру мақсатында қаңтардың 25-26 аралығында «Жыл оқытушысы- 2021» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға «Жалпы білім беретін жаратылыстану- математика бағытындағы пәндер» кафедрасынан Доскалиева А.М.; «Шетел тілі пәндері»кафедрасынан Байданова Н.М.; «Автоматика,энергетика және радиобайланыс» кафедрасынан Зинетуллина Ф.М; «Бағдарламалық инженерия» кафедрасынан Ниязова А.А.; «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасынан Ищанова А.М. «Экономика» кафедрасынан Куспанова Б.К. қатысты.
Байқау төрт кезеңнен тұрды:
І кезең «Сырттай»:
- Қатысушының портфолиосы – 5 ұпай;
- «Педагогикалық эссе» — 5 ұпай;
ІІ кезең «Педагогикалық»:
- Қатысушының визит картасы (5 минут) – 10 ұпай
- Кәсіби бағытты қорғау (5 минут) – 10 ұпай
ІІІ кезең «Интеллектуальды-шығармашыл»
- Ерікті түрде таңдалған тақырыпқа кураторлық сағат (панорама) – 5 ұпай;
- «Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану» тақырыбындағы панорамалық сабақты қорғау (15-20 минут) – 5 ұпай;
- «Мұғалімнің психология-педагогикалық және әдістемелік құзыреттілігі» тестілеу.
IV кезең «Шығармашылық»:
- «Педагог» конкурсы (Кафедра мүшелері, студенттері байқауға қатысушы оқытушының жетістіктерін байқатады, қатысушы аталған кезеңге қатыспайды), (7-10 минут) – 10 ұпай;
- «Менің шығармашылығым» байқауы (өзіндік қызығушылықтары мен жеке қабілеттерін көрсететін презентация) – (5-7 минут) – 10 ұпай
Ең жоғары ұпай — 60
Байқау нәтижесінде:
Куспанова Ботагоз Кунтугановна- 2-орын
Ищанова Айтбике Махыбиденқызы-3-орын
Доскалиева Айдана Муратоовна-алғыс хат
Зинетуллина Фарида Мергеновна-алғыс хат
