
Рубрика: #атаулыкүндер



МҰНАЙШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қазақтың сайын даласында еркін өскен бабаларымыздың заманында аспанға бұрқақша атқылап, әлемді тамсандырған қазақ мұнайына ғасырдан астам уақыт өтті. Ата-бабаларымыздың «қара алтынды» қауғамен тартып, түйемен игерген Мұнайшылар күнімен Сіздерді құттықтаймыз!
⠀
Еліміздің өзге мемлекеттердің алдында еңсесі биік, абыройының асқақ болуында осы мұнай саласының атқаратын рөлі зор. Сондықтан сіздердің бүгінгі еңбектеріңіз ертеңгі әлемдік аренадағы еліміздің беделімен тығыз байланысты деп ойлаймыз.
⠀
Колледжіміз 10 жылдан астам уақыт мұнай саласында мамандар дайындап келеді. Қазіргі таңда түлектеріміз еліміздің және әлемнің түкпір-түкпірінде қызмет атқаруда.
⠀
Осы орайда мұнай саласындағы колледжіміздің серіктестерін, болашақ мұнайшыларымызды және колледжіміздің бір бөлігі- мұнай және газ бөлімін мейрамдарымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге темірдей денсаулық, алтындай абырой тілейміз! Жұмыста жемісті, оқуда озат болуыларыңызға шын жүректен тілектеспіз!