«Адалдық сағаты» өтті

2019 жылы қыркүйек айының екінші жұлдызында өскелең ұрпақтың өркениеті үшін жастар жылына орай колледж жастарының бойына рухани,адамгершілік, адалдық қасиеттерін сіңіру мақсатында Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде «Адалдық сағатынан» дәрістер оқылды. Жоғары колледжімізге қабылданған 750 студент толықтай қамтамасыз етілген аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменттің бас маманы Сағытжанов Самат Саламатұлы қатысты. Абай атамыздың асыл сөздері талданып, жастар өздерінің тұшымды пікірлерімен бөлісті. Еліміздің дамып өркендеуіне басты үлес қосатын жастарымыздың бойына патриоттық сезімді сіңіру үшін жүргізілетін жұмыстардың бағдарламалары да ұсынылды. Сөз соңында Елбасымыздың жастарға деген сенімінің мол екендігі айтылып, бірлесіп жұмыс жүргізуге ұсыныс тасталды.

Алғашқы қоңырау-2019

Күздің алғашқы күнімен келген жаңа оқу жылын Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі «Білім күні» шарасымен бастады. Студенттік өмірге қадам басқан студенттердің жүзінен жалынның ұшқыны, жанарынан жарқын болашақ лебі ескендей. Шараны колледж директоры Болат Құлмұханұлы құттықтау сөзімен ашып, өткен оқу жылының жетістіктерін тізбектей келе, егемен елдің ертеңі саналатын студенттерге оқуда озат, шығармашылық жолында табысты болуларына тілектестік білдірді. Шара соңында колледжіміздің әуелеген гимні шырқалып, 2019 жылы қабылданған талапкерлерді студенттер қатарына қабылданғандығы туралы бұйрық оқылды. Топ жетекшілермен танысқан студенттер жақсы көңіл-күйде тарқасты.