Алғашқы қоңырау-2019

Күздің алғашқы күнімен келген жаңа оқу жылын Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі «Білім күні» шарасымен бастады. Студенттік өмірге қадам басқан студенттердің жүзінен жалынның ұшқыны, жанарынан жарқын болашақ лебі ескендей. Шараны колледж директоры Болат Құлмұханұлы құттықтау сөзімен ашып, өткен оқу жылының жетістіктерін тізбектей келе, егемен елдің ертеңі саналатын студенттерге оқуда озат, шығармашылық жолында табысты болуларына тілектестік білдірді. Шара соңында колледжіміздің әуелеген гимні шырқалып, 2019 жылы қабылданған талапкерлерді студенттер қатарына қабылданғандығы туралы бұйрық оқылды. Топ жетекшілермен танысқан студенттер жақсы көңіл-күйде тарқасты.