Санжар- Әлем біріншілігінің қола жүлдегері!

Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Дәби қаласында өтіп жатқан Джиу-джитсудан әлем чемпионатында атыраулық спортшы, жоғары колледжіміздің 4 курс студенті Айтмухамбетов Санжар @sanzharjj 56 келі салмақ дәрежесінде файтинг систем бөлімі бойынша қола медаль иегері атанды.
Студентіміз дүбірлі доданың бірінші кезеңінде Бельгия елінің спортшысын ұтып, екінші кездесуде ресейлік спортшыға есе жіберіп, қола жүлде үшін өткен кездесуде Италия елінің спортшысын сан соқтырды. Әлем чемпионатының жүлдегері атанған спортшымызды құттықтаймыз!
#caspiancollege
#bizge15jyl

Пікір қалдыру

avatar
  Жазылу  
Жазылу түрі